Көктемгі кемшілік күзде қайталанбайды

Аймақтар
21.09.2020, 12:22
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде 16 қыркүйектен күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары басталды. Тексеріс барысында қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, байла- ныс, электр құралдарының жағдайы, вагондардың жайы, темір жолдың қазіргі күйі, сондай-ақ теміржолшылардың білім мен біліктілігі, жеке мәселелері, проблемалары да қаралады. 

«Комиссия мамандарымен қамтылған тексеріс арнайы локомотив арқылы жүзеге асырылмақ. Ең әуелі Атырау және Теңдік станцияларынан басталып, Ганюшкино-Д.Нұрпейсова телімі бойынша жүргізіледі. Ганюшкино-Исатай, Исатай-Қызылжар телімдері, содан кейін Махамбет, Атырау, Теңдік, Ақжайық, 496-402 разъезд аралығы, Сағыз-Мақат, Мақат-Құлсары телімдері, телімдердегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. қаралады. Сол жерлерде талқылау жұмыстары да жүргізіледі», – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бас инженері Бауыржан Картан. 

Биылғы көктемде елдегі карантинге байланысты көктемгі комиссиялық тексеру мекемелердің өз күштерімен, әр құрылым басшылығының басқаруымен өз ішінде өткен болатын. 

Енді жылдағыдай арнайы комиссия шығарылып отыр. Жалпы, биылғы жылдың сегіз айында пойыз және маневрлік жұмыстарда өңірде өндірістік жарақат алу болған жоқ. Бөлімшеде пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша нәтижелер жақсы деңгейде келе жатыр. 

Көктемгі тексеріс кезінде станциялардың техникалық жағдайы, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралған еді. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, жұмысшылардың тәртібі қанағаттанарлық болды. Жолды және бағыттамалы бұрмаларды күтіп-ұстау бағытындағы кемшіліктер кесірінен пойыздар жүруге тыйым салу және маневрлік жұмыстар жасау үшін жолды жабу мен жылдамдықты шектеу оқиғалары орын алған. Сигнализация және байланыс дистанциялары бойынша электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді сапасыз жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер бар. Электрмен жабдықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесі төмендігі белгілі болды. Вагон қараушылар тарапынан вагондарға техникалық қызмет көрсетуде ақауды анықтау мен түзету дұрыс орындалмайды, станцияларда вагондарды қайта бақылау-тексеру кезінде кемшіліктер анықталған. Қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз, соның кесірінен ағымдағы жөндеу жасауға мүмкіндік жоқ. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда екені анықталған болатын. 

«Көктемгі тексеріс барысында болған станцияларға тән кемшіліктер – темір жол торабында болған келеңсіз жағдайлар тіркеле бермейді, станция қызметкерлері тарапынан нұсқаулықтар дұрыс жүргізілмесе, кейбірінде радиобайланыс жеткіліксіз болып қалады. Станцияларда кезекшілер жаңа нұсқаулықпен жұмыс жасауға біртіндеп көшуде, білім жетілдіру, жүк қабылдапжөнелту бойынша ескертпелер болды. Жол дистанциялары бойынша, кейбір учаскелерде, шпалдың және рельстің, бұрмалардың ақаулығынан жылдамдықты шектеуге тура келген. 

Локомотив бригадаларының бақылаунұсқау сапарлары, пойыз машинистерімен радиобайланыс дұрыс ұйымдастырылмаған жайттары да кездесті. Вокзалдар мен жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты барлық разъезд ғимараттарын әктеп-сырлауға, айналаны таза ұстауға көңіл бөлу қажеттігі де ескертілді. Биыл осы олқылықтар жойылып, бәрі қалпына келеді деп ойлаймыз», – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері. 

Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады