Алғашқы "десанттар" аттанды

Аймақтар
01.10.2020, 18:21
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі заман талабына сай өндірісті цифрландыру жобалары барлық салада қолға алынып, жүзеге асырыла бастады. Солардың бірі – батыс өңірдегі «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасы. Орталық Ақтөбе қаласында болады және ол Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктіреді.

Әзірге бұл батыс өңірде құрылып отыр, ал алға қарай республиканың барлық өңірлерін қамтитын осындай басқару орталықтары болмақ. 

Бұрын пойыздар қозғалысын басқару, жолдардағы бағдаршамдарды реттеу, бұрмаларды ауыстыру, жолдардың бос болу-болмауын қадағалау сынды жұмыстар өңірлердегі пойыз диспетчерлерімен жүзеге асырылып келгені белгілі. Оның өзіндік қиындықтары да болды. Ал, жаңа жүйе бойынша станцияларда микропроцессорлық диспетчерлік орталық (МПДО) қондырылып, ол пойыздар қозғалысын автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған бес облыстағы пойыздар қозғалысы бір орталықтан басқарылады. 

Жуырда ашылған орталық жұмысын бастағалы да көп уақыт өте қойған жоқ. Оған барлық өңірлердегі пойыз диспетчерлері жұмысқа шақырылды. 

Қазақстан темір жолы үшін тарихи оқиға деп бағаланып отырған жаңа жобамен танысуға жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов бастаған делегация Ақтөбеде арнайы болып, Пойыздар қозғалысын басқару орталығы ғимаратының, пойыз диспетчерлері жұмыс орындарының даярлығымен танысқаны жайлы жазылған болатын. 

Міне, өткен жексенбі күні Атыраудан алғашқы 8 маман Ақтөбеге аттанды. 

Диспетчерлерді Атырау жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшесі басшылық құрамы және кадр бөлімі мамандары оларға сәт-сапар және жаңа орында табыс тілеп шығарып салды. 

Атырау жүк тасымалы мамандар бөлімінің басшысы Еркебұлан Бержановтың айтуынша, Ақтөбеге жұмысқа шақырылған мамандар арнайы статусқа ие болады, яғни оларға барлық жағдай жасалады. Ең алдымен арнайы еңбекақы тағайындалады. 

Жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіледі. Әр отбасы мүшелеріне айлықтың 25 пайызы төленеді, балаларын мектепке не балабақшаға, жұбайларын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасалады. 

Жалпы, Қазақстан теміржолы бұл жобадан үлкен үміт күтіп отыр. 

Мамандардың айтуынша, оның жұмыс процесін жақсартуға септігі зор болмақ. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды