1 шілдеден бастап Ashyq қосымшасы Атырау темір жол вокзалында іске қосылады

Аймақтар
29.06.2021, 10:06
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1 шілдеден бастап Атырау темір жол вокзалы жолаушыларға «Ashyq» қосымшасы арқылы қызмет көрсетуді бастайды. Оған дайындық жұмыстары алдын ала жүргізіліп, бүгінде нысан жолаушыларды қабылдауға дайын. Нысанның кіреберісінде 6 QR-код орналастырылған. Соған сәйкес, вокзалға кірер кезде жолаушы «Ashyq» қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеуі қажет. Келушілер смарт- фондар арқылы өздерінің мәртебесін анықтай алады. Егер ұялы телефонда «Ashyq» қосымшасы болмаса, Kaspi.kz, Halyk, Homebank, Aitu қосымшаларын пайдалануға болады. «Қызыл» және «сары» түсті мәртебесі бар азаматтар вокзалға жіберілмейді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы да мәртебені анықтауға мүмкіндік бар. Егер мобильді қосымшасы немесе смартфоны болмаған жағдайда, кіреберісте вокзал кешенінің қызметкеріне жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетсе жеткілікті. Сол секілді шетел азаматтары да паспорт нөмірін көрсету арқылы өте алады. – Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында 1 шілдеден республикалық дәрежесі бар Атырау вокзалы кешенінде «Ashyq» жобасы енгізіледі. Бұл жұмыстар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе орындалып, олар өз тарапынан жобаны енгізуге және алгоритмін түзуге көмек берді. Бұған дейін вокзал ішінде осы туралы бейне хабарламалар іліп, халықты құлағдар етуді мақсат еттік. Кіреберісте жобаны пай- далану туралы барлық ақпарат толықтай көрсетілген. Оған қоса, вокзал қызметкерлері жолаушыларға жөн сілтеп, қызмет көрсетеді. Жолаушылар кептелісі болмас үшін 6 QR-код орнатып отырмыз және ЖСН арқылы өтуге де мүмкіндік бар. Осы қызметтерді атқару үшін вокзал қызметкерлерімен қоса тағы 5 адам қалалық жұмыспен қамту орталығынан бөлінді, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышев. Айта кетерлігі, қазір Атыраудан елордаға және Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау бағыттарында пойыздар қатынайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды