Атырау өңірінде биыл үш бірдей маман «Құрметті теміржолшы» атанды

Аймақтар
03.08.2021, 11:30
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атыраулық теміржолшылар биылғы кәсіби мерекені үлкен еңбек жетістігімен қарсы алды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Дархан Құланбаев пен магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Елеубай Сапаров әріптестерін мерекемен құттықтап, озаттар мерейін үстем етті. Биылғы жылы өңірден үш бірдей адам «Құрметті теміржолшы» атанды. Олар: Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бірінші орынбасары Самат Құлмұханов, Атырау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Төребек Оспанов және Атырау вокзалының бастығы Айгүл Кулшикова. Айта кетерлігі, С.Құлмахановқа «Құрметті теміржолшы» белгісі, Құлсары жол дистанциясының жол жөндеушісі Ш.Қайшыбаевқа «Алғыс хат» ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің міндетін атқарушы Қ.Өскенбаев бейнеконференция арқылы өткен мерекелік жиын барысында табыстады. Сонымен қатар, Атырау локомотив пайдалану депосының машинисі Б.Саткулов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, Атырау жол дистанциясының жол шебері А.Жылқыбаев «Кәсібі бойынша үздік» атанса, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бөлімі инженері М.Ізмұқанов «Үздік маман» төсбелгісімен, сондай-ақ көптеген мамандар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен, Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Елдегі пандемия жағдайына байланысты адамдар көп жиналған жоқ, одан басқа да өңірде жұмыс жасап жатқан теміржолшыларға марапаттары өз еңбек ұжымдарында табысталды. Атырау магистральдық желі бөлімшесі салалық жарыста 1-ші орынға ие болып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталса, бөлімше директоры Е.Сапаровқа «Үздік басшы» төсбелгісі табыс етілді. Мекеменің озық қызметкерлеріне «Үздік маман», «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапатталды.

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі