Атырау жүк тасымалы бөлімшесі жүк тиеуді алдағы уақытта 10,5% арттыруды көздеп отыр

Аймақтар
13.08.2021, 11:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуда стратегиялық маңызға ие, аумағы да, ауқымы да кең, соған орай жұмыс көлемі де үлкен әрі күрделі Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бірінші жартыжылдықты жақсы жетістіктермен қорытындылады. Бөлімше басшылығы екінші жарты жылға да ауқымды жұмыстар жоспарлап отыр. Еліміздегі ең үлкен мұнай компаниялары шоғырланған өңірде бөлімшенің жүк көлемінің 70-80 пайызын мұнай және мұнай өнімдері құрайды. Бөлімше бойынша 50-ден астам ірілі-ұсақты станциялар мен құрылымдық бөлімшелерде 6 мыңнан астам адам еңбек етеді. – Жарты жылда жүк айналымы жүз пайыздан жоғары болды. Алты айда ол жоспардағы 4828- ден асып, 5069,5 млнткмнеттоны құрады, яғни 105 пайызға орындалды. Жүк тиеу көрсеткіші де 100%-ға орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 43,5 мың тоннаға артық болды. Қысқасы, негізгі тасымал қызметі бойынша кіріс 17 млрд 945 млн 348 мың теңгені құрады. Бөлімше өңірдегі тасымал сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр. Айта кетерлігі, бүгінгі күні станцияларда пойыздарды өткізу қабілеті орташа есеппен алғанда тәулігіне 19-дан 28 жұп пойызға дейін өсіп отыр, – деп ақпар берді бөлімше басшысының бірінші орынбасары Самат Құлмаханов. Айтуынша, тасымал тасқынын жақсарту үшін соңғы жылдары аймақта бес разъезд ашылып, Мақат станциясындағы сұрыптау дөңесі реконструкцияланған. Ақжайық және Теңдік станцияларының қуатын арттыру бағытында да біраз жұмыстар атқарылыпты. Қайта жаңғырудан өткен Теңдік станциясы үлкен әлеуетке ие. Атырау мұнай өңдеу зауытымен қоян-қолтық жұмыс істейтін станцияның қуатын арттыруды да компания басшылығы бастама етіп көтерген болатын, нәтижесінде оң шешімін тапқан. Станцияларда бұрмалар түгел автоматтандырылып, нәтижесінде вагондарды қабылдау-жөнелту тездетіліп, жұмыс та жеңілдей түскен. Оның үстіне жол жөндеу жұмыстары нәтижесінде өңірдегі жолдардың 60 пайызы темір-бетонға жаңартылған. Өткен жеті айда бөлімшеде қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін бұзу оқиғалары немесе өндірістік жарақат алу тіркелмеген. Экономикалық көрсеткіштердің өсуі еңбекақы өсіміне ықпал ете ме, өңір теміржолшыларының орташа жалақысы қандай деген сауалымызға орай білгеніміз, бүгінде жұмысшының орташа айлық еңбекақысы жоспардағы 222664 теңге орнына 248 199 теңгені құрап, өсім – 25535 теңге болған.

– Әрине, экономикалық өсім бар жерде пайда бар деген сөз. Бөлімше бойынша айтсақ, негізгі қызметтер бойынша табыс бюджетін орындау 106% деңгейіне жетіп, 25 млрд 175 млн 626 мың теңгені құрады. Тасымалдан түскен табыспен қоса локомотив тартудан 5 млрд 928 млн 844 мың, қосалқы-көмек қызметінен 230 млн 292 мың теңге табыс түскен. Жалпы бөлімше бойынша еңбек өнімділігі 108 пайызға орындалып, нақты 2179 ткмнетто/адамды құрады. Биылғы 1 қаңтардан бастап компания бойынша бүкіл теміржолшылардың еңбекақысы 10 пайызға өскені белгілі, елдегі қымбатшылық жағдайға, азық-түлік, тұтыну тауарлары мен қызмет бағасының өсуіне орай 1 шілдеден бастап басшылық орташа жалақыны тағы да 10 пайызға өсірді. Яғни теміржолшылардың әлауқат деңгейінің жақсаруына жағдай жасалуда, – дейді Самат Бисенғалиұлы.

Өңірдің барлық елді мекендері ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз дерлік қамтамасыз етілген. Көмір жағатын мекеме жоқ деуге болады. Рас, Жантерек, Мұқыр станцияларына су арнайы көлікпен жеткізіледі. Бірақ жергілікті атқарушы орган тарапынан жұмыстар жүргізіліп, су құбыры бұл өңірлерге де тартылыпты. Демек, алдағы уақытта су тасу шығыны азаяды деген үміт бар. Ұжымдық шартқа сай жұмысшылардың арнаулы киімдермен қамтамасыз етілуі де назарда. Қазіргі пандемия жағдайының күшеюіне байланысты жұмысшылар антисептик, маска, бір реттік қолғаптармен де толықтай қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мақсатында 22 млн 006 мың теңгеге кондиционер, қысқа толқынды пеш, диспенсер, мұздатқыш сынды тауарлар сатып алыныпты. Бөлімше үшін екінші жартыжылдықтағы басты мақсат – ең алдымен тасымал тасқынын тоқтатпау. Жүк тиеу көлемін өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға арттыруды көздеп отыр. Яғни, өткен жарты жылда жүк тиеу 5 млн 319,1 мың тонна болса, енді соны екінші жартыжылдықта 5 млн 325 мың тоннаға жеткізуді көздейді.

– Оған алғышарттар да жоқ емес. Атырау мұнай өңдеу зауытымен қоян-қолтық жұмыс жасайтын Теңдік станциясы арқылы «Ба- тысТрансГрупп» ЖШС-мен тәулігіне 12,865 тонна мұнай өнімдері тиеледі, сол секілді Қарабатан станциясы арқылы ай сайын 60 вагоннан 27-ден 32-ге дейін маршрут жүреді, ал Құлсары станциясынан «Теңізшевройл» ЖШС-мен тәулігіне орташа есеппен 12 мың 920 тонна мұнай өнімдері тасымалданады деп болжануда. Бұл – біз үшін тиімді болжамдар, – дейді Самат Құлмаханов.
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды