Шымкентте студенттер теміржол ардагерлерімен кездесті

Әлеумет
16.03.2022, 08:06
Оқуға 1 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жуырда Шымкент көлік колледжінде «Өткеніңді білмей, келешегіңді болжай алмайсың» атты танымдық тәрбие сағаты өтті. Оған аймақтағы теміржолшы ардагерлер арнайы шақырылды.

Оқу орнының басшылығы мен студенттер қауымы Нұрғали Нұртаев, Майра Омарқызы, Сади Махамбетұлы, Құлахмет Темірбеков, Назира Құрманбекова, т.б. ардагерлерді қарсы алып, аймақ теміржолының кешегі-бүгінгі тарихынан тағлымды әңгімелерін тыңдады. Аға буын теміржолшылар қазақ теміржолын көтеруге атсалысқан тұлғалар жайлы естеліктерімен бөлісіп, олардың еңбектері мен салаға сіңірген үлесін жастарға үлгі етті.

Шымкент теміржолынан 1958-1990 жылдар аралығында төрт бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан. Бөлімшені әр жылдары басқарған Сырлыбек Байжанов, Көпжан Мұхаметжанов, Әуесхан Салықбаев сынды майталмандармен қатар Арыс станциясының пойыз құрас- тырушысы Әбдуәлі Балғынбеков те Еңбек Ері атанған.

«Шымкент теміржолы Қазақстанда ғана емес, кешегі кеңестер елінің теміржолында жетістікке жеткен бөлімшелердің бірі болды. Бұл жоғарыда аты аталған тарлан теміржолшылардың ерен еңбегі екені талас тудырмайды», – деді Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ғылыми-техникалық ақпарат орталығының меңгерушісі Л.Жаримбетова.

Жиында колледж студенттеріне сала ардагерінің өмірдеректері туралы слайд көрсетіліп, жастар аға буынға өздерін қызықтырған кез келген сауалды қойып, жауабын алды. Ал ардагерлердің, әрине, болашақ теміржолшыларға айтары аз емес екен, дөңгелек үстел басына жиналған қос буын өкілдері тамаша тағлымды басқосу өткізді.

Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады