Ақтөбеде теміржолшылар оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Әлеумет
14.05.2022, 12:51
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау темір жолында арнайы жаяу жүргіншілер өтетін бірнеше аспалы көпір бар. Соның бірі қала орталығындағы Ақжайық станциясында орналасқан. Бұл көпірдің қала тұрғындары үшін маңызы ерекше.

Өйткені Атырау жол бөлімшесі маңындағы үйлер мен темір жолдың арғы бетіндегі Химпоселок ауылы тұрғындары үшін көпір – күнделікті жұмысқа, оқуға, басқа да шаруаларына барар қатынас жолы, оларға автобуспен бүкіл қаланы айналып өту тиімсіз. Жаяу да болса осы көпір арқылы, төтесінен өте шыққан әлдеқайда тез. Бірақ, қаншама ескерту берілсе де пойыз астынан өтуге болмайтынын, өмірге қауіпті екенін түсінбейтін жүргіншілер жетерлік. Соның ішінде әсіресе, жасөспірім балалар белгіленбеген жерден өту адам өміріне аса қауіпті екенін ескере бермейді.

Осыған орай жуырда станция қызметкерлері мен желілік полиция қызметкерлері Химпоселок ықшам ауданындағы М.Әуезов атындағы №7 мектеп оқушыларымен кездесіп, «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында дәріс оқып, қауіпсіздік жөнінде мәліметтермен таныстырды. Жиынға 4-9 сынып аралығындағы 220 оқушы қатысты. Мамандар жасөспірімдерге көрнекі плакаттар, бейне түсірілімдер арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйретті. Көпірмен өтудің маңыздылығын, пойыздың астымен өту адам өміріне аса қауіпті екендігін ұғындырды. Мұның бәрі алдымен қауіпсіздік үшін қажет, станция бойында маневрлік жұмыстар жүреді, күндіз-түні пойыз қозғалысы толастамайды. Соған қарамастан көпірден өтпей, кейбір тұрғындардың және балалардың рельстен тура пойыз астымен өтіп шығам деуге болмайтынын түсіндірді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды