Еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінеді

Әлеумет
04.10.2022, 13:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ «Астана» торабына қарасты Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясындағы бастапқы кәсіподақ ұйымы былтыр Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша салалық байқауда үздіктер қатарынан табылған. Оразалы Ерубаев төрағалық ететін ұйымға кәсіподақ жұмысын ілгері бастыруға қосқан үлесі үшін осы саладағы арнайы байқауда бірінші орын мен ақшалай сыйлық берілген болатын.

Кәсіподақ жұмысы оңай емес, тынымсыз да мазасыз қызмет. Олар теміржолшылар құқының қорғалуын қамтамасыз етіп, еңбек тәртібінің бұзылмауын қадағалау барысында талай кедергілерге тап болады. Сол кедергілерді жеңе отырып, қиын жағдайға түскен жұмысшыларға қолдау көрсетіп, олардың құқығын қорғау – қызығынан шыжығы көп тірлік. Сонымен қатар түрлі қайырымдылық шараларын, спорттық додалар ұйымдастыру да кәсіподақ жұмысының бір қыры. Кәсіподақ жұмысы уақытылы есеп беріп отыруды да қажет етеді. Міне, осы бағытта аталған бастапқы кәсіподақ ұйымы өте белсенді деп танылған. Мәселен, былтыр үйлері өртеніп кеткен машинист пен көмекші машинистке дистанция кәсіподағынан бөлек Астана торабынан да қомақты материалдық көмек көрсетіліп, олардың суық түспей үйлерін қалпына келтіруіне бүкіл ұжым атсалысты деуге болады.  

Теміржолшылар әулетінің өкілі Оразалы Ерубаев еңбек жолын 2001 жылы жол шаруашылығында кадр бөлімінде бастаған. Құқықтық салада білімі бар, сауатты маман 2010 жылы кәсіподақ төрағалығына сайланған. Содан бергі 12 жылда сала кәсіподағының қыр-сырын меңгеріп, ұжымның нағыз тірегіне айналды.  

– Біздің кәсіподаққа дистанцияның 600-ге жуық қызметкері мүше. Кәсіподақ жұмысымен тікелей айналысатын 6 адам бар, еліміздің және теміржолдың өміріндегі жаңалықтардан біз де тыс қалмай, барлық іс-шараларға қатысып келеміз. Биыл, мысалы, екі жылдан бері тоқтап қалған балалар лагерін ұйымдастыру, түрлі емдеу-сауықтыру орындарына жолдама беру, әлеуметтік аз қамтылған және қиын жағдайға тап болған отбасыларға материалдық көмек көрсету сынды жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Білім күні қарсаңында «Мектепке жол» акциясына қатысып, балалары бірінші сыныпқа барған әріптестерімізге қол ұшын создық, – дейді кәсіподақ төрағасы.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еңбек ұжымдары арасындағы Ұжымдық келісімшарттағы талаптар мен міндеттер негізінде жұмыс істейтін дистанцияда еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы еңбек қорғау саласында кемшіліктерге жол берілген жоқ, қызметкерлер толықтай жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген. Кәсіподақ қаржысымен жұмысшылар пайдалануындағы 23 вагон қажетті техникамен, кондиционер, тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, электр шәйнектерімен жабдықталды. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануына барынша қолдау жасайды. Осы мақсатта футбол мен волейбол ойнауға арналған спорт алаңы салынып, үстел теннисіне арнайы бөлме жабдықталған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды