Пойызда ішімдік ішу тыйылмай тұр

Әлеумет
03.02.2023, 10:10
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бері Сай-Өтес станциясының маңында 4 жолаушы пойыздан түсіріліп, әкімшілік шараға тартылған. Басты себеп ол азаматтардың ішімдік ішіп, масаң күйде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жолаушылардың тыныштығын алуы болып отыр.

Өкінішке орай соңғы кезде осындай жағдайлар көбейіп кетті. Ондай жайттардың алдын алмаса, соңы түрлі бұзақылықтар мен адам өміріне қауіп төндіретін дәрежедегі қылмысқа, орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін деп дабыл қаққан сайөтестік желілік полиция өкілдері жуырда перронда сауда жасайтын кәсіпкерлермен кездесті. Оларға пойыздағы жолаушыларға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынатыны, бұл үшін қандай жауапкершілікке тартылып, қанша айып төлейтіні туралы түсінік берді.  

– Жолаушылар пойыздарында болатын құқық бұзушылықтардың басым бөлігі азаматтардың алкогольдік өнімді тұтынуы салдарынан орын алады. Атап айтсақ, жыл басынан бері Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тарапынан 4 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп жұрттың мазасын алу, адамдардың қадір-қасиетін қорлайтындай әрекеттері үшін пойыздан түсіріліп, тиісті шара қолданылды. Осындай деректердің алдын алу мақсатында Сай-Өтес ауылының әкімі С.Абдиевті де шақырып, әкімшілік өкілдерімен бірлесе станциядағы теміржол вокзалы маңында сауда-саттықпен айналысатын азаматтармен дөңгелек үстел өткіздік. Онда біз қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, лицензиялары болмаса алкогольдік өнімдерді сатуға қатаң тыйым салынатынын, 21 жасқа дейінгі жастарға сатқан жағдайда қатаң әкімшілік жазаға тартылатындығы туралы ескерттік. Бір ғана ішімдіктің салдарынан жолаушылар пойызындағы қаншама адам зиян шегетінін мүмкіндігінше жеткізуге тырыстық, ең бастысы қоғамдық тәртіп бұзылмауы керек,– дейді Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Н.Рахметов.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды