ҚТЖ мен РЖД кәсіподақ өкілдері шекара маңындағы өзара іс-қимыл мәселесін талқылады

Әлеумет
03.03.2023, 09:56
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Наурыздың алғашқы күні Астанада бас қосқан ҚТЖ мен РЖД кәсіподақшылары алғаш рет өңірлік деңгейде өзара ынтымақтастықты дамыту туралы отырыс өткізді. Жиында Ресей теміржолының «Роспрофжел» ҚБ мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ арасындағы Шекара маңындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Нәтижесінде қос кәсіподақтың алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарының Жол картасын жасауға ұсыныстар айтылды. Отырысқа қатысқан Теміржолшылар кәсіподақтары халықаралық конфедерациясының бас директоры Геннадий Косолапов қазіргі таңда екі ел кәсіподақтарын дамытудың жаңа кезеңі басталып отырғанын жеткізді. Сондықтан шекаралық кәсіподақтар деңгейінде жиын алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  

– Жоғарыда аталған меморандум былтыр маусым айында қабылданған болатын. Оның мақсаты – шекара маңы деңгейінде конфедерация кәсіподақтарының байланысын нығайту. Атап айтқанда, әлеуметтік серіктестікті дамытып, кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен еңбек құқықтарын, әлеуметтік-экономикалық қорғау мәселелері бойынша бірлесіп жаңа әдістер ойлап табу, еңбек қорғау және сақтау, экология саласында өзара іс-қимыл жүргізу, кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, мәдени, жастар қозғалысы саласында байланысты ұлғайту. Мұның бәрі осы бағытта ақпараттар мен тәжірибе алмасу, яғни бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және тағы басқа іс-шаралар өткізу арқылы жүзеге асады, – деді Г. Косолапов.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев ресейлік әріптестеріне қазақстандық кәсіподақтың құрылымы мен қызметі, Ұжымдық шарт ерекшеліктері және кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының жұмыс істеу тәртібі туралы баяндап берді.  

– Екі елдің теміржол кәсіподақтарында ортақ мәселелер мен тақырыптар көп. Сондықтан біз өзара ынтымақтаса отырып, кәсіподақ жұмысын дамытуды жөн көрдік. Негізгі міндет – қатарымызға кәсіподақ мүшелерін барынша көптеп тартып және теміржол кәсіподақтарының жұмысындағы озық тәжірибемен алмасу. Сондықтан бүгінгі кездесуден күтеріміз көп. Бұл кездесуге Ресей тарапынан бізбен үнемі тығыз жұмыс жүргізетін үш шекаралық теміржол өткелінен, яғни Батыс Сібір теміржолы, Оңтүстік-Орал және Волга маңы теміржолынан кәсіподақ басшылары келді. Ал біздің тарапымыздан олармен шекарада жұмыс істейтін Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Защита торабы теміржолынан кәсіподақ өкілдері қатысты. Әрқайсысы өз жұмысын таныстырып, өзара пікір алмасты, – дейді О.Ахметбаев.  

Оңтүстік Орал теміржолы бойынша «Дорпрофжел» ҚБ Челябинск филиалының ақпараттық-ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыстар жөніндегі жетекші маманы Валентина Челнокова өз өңіріндегі кәсіподақ жұмысымен таныстыра келе өзара ынтымақтастықты арттыруға қатысты ұсыныстарын айтты. «Дорпрофжел» ҚБ төрағасының орынбасары Олег Пилюгиннің айтуынша, шекаралық ынтымақтастықты дамыту аясында бірлескен жұмыстар алдымен спорттық іс-шаралар өткізуден басталады. Одан әрі қос елде экскурсиялар, тағы да басқа ірі шаралар өткізу көзделуде.  

Қазақстан тарапынан Кәсіподақтың Батыс филиалының төрағасы Ғабит Зейпуллаұлы, кәсіподақтың Орталық кеңесінің Защита торабы бойынша төрағасы Айгүл Жайлаубаева, Орталық кеңестің Семей өңірі бойынша төрағасы Алик Досанов, кәсіподақтың Қостанай филиалының төрағасы Ғафу Несіпбаев, Павлодар филиалының төрағасы Рафаил Сабаров, Ақмола филиалының төрағасы Хазис Закирин баяндама жасады.  

Отырыста Меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеу үшін ұсыныстар қабылдау мақсатында кәсіподақ өкілдері бірнеше секцияларға бөлініп, ой-пікір алмасты. Айталық, №1 секцияға «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның Ақмола, Қостанай филиалдары мен «Роспрофжел» ҚБ-ның Оңтүстік-Орал темір жолындағы аумақтық ұйымдарының өкілдері бөлінді. №2 секцияда қазақстандық Семей, Защита теміржол тораптары бойынша кәсіподақтың Павлодар филиалы мен ресейлік Батыс-Сібір теміржолы бойынша кәсіподағының аумақтық ұйымы өкілдері пікір бөлісті. Ал №3 секцияда қазақстандық Атырау өңірі бойынша кәсіподақтың Батыс филиалы мен ресейлік Волга маңы теміржолындағы аумақтық ұйымы мүшелері сөйлесті. Жол картасын дайындауға қатысты қазақстандық кәсіподақ ұсынысын «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымдастырушылық жұмыстар және халықаралық қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов жеткізді. Түстен кейін барлық қатысушылар дөңгелек үстелде қайта бас қосып, өңірлік Жол картасының жобасын ұсынды.  

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды