Қоғам өкілдері «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысымен танысты

Әлеумет
12.09.2023, 14:45
Оқуға 2 мин

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» осы аптада еліміздің батыс өңіріне ат басын тіреді.

Әлеуметтік жобаны қаржыландырып отырған «Samruk-Kazyna Trust» қоры аталмыш жобаның қызметін жұртшылықпен таныстыру мақсатында журналистерге арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. 

Бүгінгі күнге дейін жетпістен аса бекетті аралаған медициналық пойыз Атырау өңіріндегі сегіз елді-мекендегі станцияға тоқтап, ауыл тұрғындарына емдік қызметтерін көрсете бастады. Өңірдегі сегіз бекеттің бесінші – Ақкыстауға табан тіреген доңғалақ үстіндегі аурухана 2-11 қыркүйек аралығында 1500-ге жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетсе, биыл Әйелдер және отбаыс ұлттық комиссия бастамасымен жоба құрамына қосылған психолог, медиатор және заңгер мамандары 560 адамға кеңес беріп үлгерген. 

Баспасөз туры барысында тегін медициналық кеңес алушылар журналистермен тілдесіп, олар «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының шалғайдағы елді-мекен тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті. Олардың айтуынша, ауылдан облыс орталығына дәрігерге барып тексерілу немесе қандай да бір құқықтық кеңес алу көп уақытты талап етіп қана қоймай, қалтаға да ауыртпашылық салатының жеткізді.

Бүгінгі таңда шарапаты мол жобаға еліміздің шалғай станцияларында тұратын 92049 адам келіп жүгінген, ал оның 45710 ғана негізгі медициналық тексерістен өтті. Көмек алушылардың 10520 балалалар. Жалпы дәрігерлер бес айда пойыз ішінде 5377 рет шағын хирургиялық оталар жасаған. Ал, психологиялық және құқықтық кеңес алушылардың саны 5 572 адамды құрайды. Құқықтық бағытта қызмет көрсетіп отырған білікті заңгерлер мен медиаторлар ауыл тұрғындарының бірқатар түйткілді мәселерін шешуде.

Баспасөз турын ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш жоба шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жоқтығы мен азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері аясында туындаған. Алдағы уақытта 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны негізгі емдік-консультациялық қызмет алады деп күтілуде. Медициналық пойыз өз жұмысын 6 желтоқсанға дейін жалғастырады. Жоспар бойынша биылғы жылы 120-дан астам станцияға барады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігінің және «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды