Мүгедектігі бар жолаушылармен жұмыс істеу тренингі өтті

Әлеумет
20.02.2024, 11:00
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешені қызметкерлері мүгедектігі бар адамдармен өзара іс-әрекет дағдыларын арттырды. Осы мақсатта олардың арасында арнайы тренинг ұйымдастырылды.  

Бұл тренингті «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы аталған вокзал кешені қызметкерлері үшін арнайы өткізді. Оған қатысушылар мобильділігі, яғни қозғалысы төмен адамдармен жайлы коммуникация жасау бойынша білімі мен біліктіліктерін шыңдады. Сонымен қатар олар мүгедектерге арналған арба-отырғыштарды қалай қолдану керек, тірек-қимыл аппараттары дұрыс жұмыс істемейтін адамдарды отырғызып, түсірудің халықаралық стандарттарға сай тәртібімен танысты.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Астана» теміржол вокзал кешені» филиалы директорының орынбасары Айгүл Өксікбаеваның айтуынша, аталған вокзал кешенінің қызметкерлері кез келген жолаушыларға, соның ішінде қимыл-қозғалысы нашар адамдарға да әрдайым көмек көрсетуге дайын, оларды автокөліктен вагонға дейін және вокзал аумағында керек жеріне ертіп баруда үнемі қолдау көрсететінін жеткізді.  

– Мұндай тренингтер біздің қызметкерлеріміздің біліктілік деңгейін арттырып, олардың жайлы инклюзивті ортада жаңа деңгей жасай алуына септік етеді, – деді ол.  

ҚТЖ-да ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда вокзал инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Брайль қарпімен жасалған ақпараттық тактильді тақтайшалар, мнемосұлбалар орнатылады. Ақпараттық бюро құлағы нашар еститіндер үшін индукциялық панельдермен жарақтандырылған. 100-ден астам теміржол вокзалдары вокзал кезекшісін шақырту батырмаларымен жабдықталған. Сонымен бірге билет кассалары мен санитарлық тораптарды да қайта жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда