Маңғыстау темір жолында жиырмадан астам модульдік үй бой көтерді

Әлеумет
05.12.2024, 09:49
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту және еңбекті ұйымдастыруды арттыру мақсатында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты бекеттер мен станцияларға жұмысшыларға арналған модульдік-блоктық ғимараттар орнатылуда. Мәселен биыл түбек теміржолының өн бойында  жиырмадан астам осындай үйшіктер пайда болды.  

Биыл сонымен қатар бұрынғы жылыну пункттері мен нысандарға да қажетті жөндеу жүргізілген. Ал жаңа модульді ғимараттарға келсек, 20 дана модульді-блокты ғимараттар ПЧ-12 немесе Бейнеу жол дистанциясы бойынша Тоқсанбай, Сәнкібай, Сорша, №1, №2, №3, Үстірт, №5, №6, №7 бекеттеріне қойылған. Маңғыстау жол дистанциясының аумағындағы Қарақия, Маңғыстау станцияларына және «Р», №16, №14, №13, №12, №11 бекеттеріне, Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша Құрсай және Тоқсанбай станцияларына орнатылған.  

Оған қоса Бейнеу жол дистанциясына қарасты Сай-Өтес станциясында көлемі 120м2 екі дана модульді-блокты типтегі дрезина және автомобиль гаражының құрылысы басталған. Бұл нысандардағы жұмыстар жоспар бойынша жүргізілсе, құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.  

– Бұл ғимараттар сырты шағын болғанымен, іші кәдімгі үйден кем емес, жанға қажеттің бәрі бар. Жатын бөлме, асхана, жуыну бөлмесі, әжетханамен жабдықталған. Жұмысшылардың жайлылығы үшін тоңазытқыш, теледидар, салқындатқыш, тамақ әзірлейтін төрт көзді электр пеші және басқа тұрмыстық техникалар орнатылған. Ғимарат 30, 75,106м2 құрайтын 3 типті болып келеді. Оны «КазТЭЦ» ЖШС жеткізіп беруде, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің ғимараттар мен инженерлік жүйе бөлімі бастығы Нұржан Мусирханов.  

Сондай-ақ Нұржан Сәрсенұлының айтуынша, жұмысшылар үшін биыл 24 ғимаратқа ағымдық жөндеу жүргізуге жеті келісімшарт жасалыпты. Бұл жөндеу жоспарына ЭЧ-5, ПЧ-12 мекемелерінің әкімшілік ғимараты, пайдалану пункті, гараждар, жылыну будкалары, Бейнеу-Тассай бағытындағы тұрғын үйлер енгізілген. Қазір аталған жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатса керек.  

– Жылдың соңына дейін бітіреміз деген ойдамыз. Ал келесі 2025 жылы Ақжігіт, Ноғайды, №10 бекет, Шетпе, Өзен, Құрық порты станцияларына 7 дана модульді-блокты ғимарат және, Ақжігіт Сәнкібай, Тоқсанбай, Тұрыш, Бейнеу, №10 бекет, Бопай станцияларына гараж орнату жоспарлануда. Маңғыстау магистральдық бөлімшесі бойынша биылғы алынған 22 модульдік ғимаратты (оның екеуі модульды-блокты типтегі дрезина) қосқанда түбек теміржолшылары қазір жалпы 60 дана осындай су жаңа жылы және жайлы үйшіктерге қол жеткізіп отыр. Келесі жылы тағы да толықпақ, – деді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің өкілі.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды