Армандар орындалады

Әлеумет
01.06.2026, 09:00
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Кейде үлкендердің өзі армандауға қорқады. Ал балалар ше? Олар арманына шын сенеді. Сол сенімнің арқасында өмірде керемет сәттер орын алып жатады. Алты жасар Әнуар Әбсаттаровтың оқиғасы – соның айқын дәлелі.

Балаларды қорғау күні қарсаңында теміржолға ерекше қызығатын кішкентай Әнуардың көптен бергі арманы орындалды. Қазақстан темір жолы қызметкерлері оған арнайы экскурсия ұйымдастырып, нағыз теміржолшының өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Әнуар Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Оның теміржолға деген қызығушылығы төрт жасынан басталыпты. Басқа балалар ойыншық көлікке немесе мультфильм кейіпкерлеріне қызықса, Әнуар туған жеріндегі Төретам станциясына барып, пойыздардың қозғалысын тамашалауды ұнатады.

Ол үшін пойыздың дауысы ерекше әуен секілді.

Күн сайын станцияға барып, машинистермен әңгімелесетін. Локомотивтердің түрлерін, олардың серияларын, қалай жұмыс істейтінін сұрап, теміржол қозғалысының қыр-сырын білуге тырысады. Жасына қарамастан, техникаға деген қызығушылығы үлкендерді таңғалдырмай қоймайды.

Қазір Әнуар Астанада тұрады. Бірақ уақыт пен мекен оның сүйікті ісін өзгерте алмады. Ол әжесімен бірге вокзалға жиі барып, пойыздардың қозғалысын бақылауды әдетке айналдырған. Тіпті «Нұрлы жол» вокзалында ашылатын теміржол музейін асыға күтеді. Музей қызметкерлерімен сөйлескенде, көрмеге қойылатын көптеген заттардың атауын айтып, олардың қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіріп бергенде мамандардың өзі таңданысын жасыра алмапты.

Әнуардың теміржолға деген махаббаты туралы әжесі ерекше ықыласпен айтып берді.

– Бастапқыда Төретам станциясына жиі баратынбыз. Ол пойыздарды көріп, рельстерді ұстап, локомотивтердің дауысын тыңдағанды жақсы көретін. «Әже, қарашы, рельс қандай тамаша!» деп қуанып тұратын. Содан бері қызығушылығы бір сәтке де басылған жоқ. Қазір машинист болуды армандайды. Вокзалға келген сайын тепловоздардың модельдерін ажыратып, олардың ерекшеліктерін айтып береді. Машинистермен сөйлесіп, болашақта өздерінің әріптесі болғысы келетінін жасырмайды, – дейді Алмагүл Әбсаттарова.

Теміржолшылар да кішкентай жанкүйердің ықыласына бейжай қарамаған. Олар Әнуарға локомотив кабинасын көрсетіп, басқару тетіктерінің қызметін түсіндірген. Қазір бала әр құрылғының атауын жатқа айтып, олардың не үшін қажет екенін егжей-тегжейлі баяндап береді.

Экскурсия барысында Әнуар вагондарды локомотивке тіркеу процесін, пойызды қозғалысқа дайындау жұмыстарын өз көзімен көрді. Бұл күн оның өміріндегі ең бақытты сәттердің біріне айналды.

– Бүгін мен үшін өте қуанышты күн болды. Локомотивке вагондарды тіркеу, оны жүргізу процесін көру қатты ұнады. Болашақта міндетті түрде машинист болғым келеді, – дейді Әнуар.

Баласының емес, немересінің арманына айналған осы қызығушылықты қолдап жүрген әжесі де ерекше алғысын білдірді.

– Әнуардың арманы осындай деңгейде орындалады деп ойламадым. ҚТЖ қызметкерлеріне мың алғыс. Балалардың арманын тыңдап, оған қанат бітіру – үлкен іс. Сондықтан әр бала армандай білсін. Армандар міндетті түрде орындалады, – дейді ол.

Шынында да, кейде үлкен жетістіктер кішкентай армандардан басталады. Бәлкім, бүгін локомотив кабинасында таңданыспен отырған алты жасар Әнуар ертең мыңдаған шақырым жолды бағындыратын тәжірибелі машинист болар. Өйткені шынайы қызығушылық пен бала жүрегіндегі сенім кез келген арманды шындыққа айналдыра алады. Кездесу соңында ҚТЖ қызметкерлері болашақ машинисті Балалар күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты