Цемент пен қиыршық тастың отаны Шетпе станциясы Маңғышлақ пен Бейнеудің ортасында орналасқан. Келіп-кетіп жататын жүк және жолаушы құрамаларының дүрсіліне тұрғындардың құлағы үйренген.Пойыздың шуына құлағымыз үйренгені сонша, тыныштыққа тосырқай қараймыз. Біз үшін ары-бері зулап жатқан пойыздар, жүк тасыған құрамдар қайнаған өмір, тіршілік көзі секілді, ал тым-тырыс өлі тыныштық біртүрлі тосын, – дейді Шетпеде 38 жыл тауар кассирі болып еңбек етіп келе жатқан Тыныштық Қалиева. Атырау темір жол техникумын бірітрген Тыныштық Тобағұлқызы теміржолшылар отбасынан шыққан, әкесі жолшы, ал анасы бағыттама бұрушы болса, ағасы станция кезекшісі, ревизор болып еңбек еткен. Бүгінде бекет кезекшісі болып қызмет ететін сіңілісі екеуі әулеттің кәсібін жалғап келеді. Шетпеде күніне тиелетін жүктерге байланысты шамамен 30-40 құжат қабылданады. Күндіз-түні 5 тауар кассирі ауысыммен жұмыс істеп, жүк вагондарының жолақыларын есептеп, түрлі қосымша алымдарды есептейміз. Күнара және ай сайын жұмыс есебін тапсырып отырамыз. Шетпеден негізінен цемент пен қиыршық тас көп тиеледі. Ал мұнда құрылыс материалдары, Қостанайдан мал азығы мен ұн, Ресейден зауыттарға гипс, кен, шифр, кесілген материалдар, Алматы мен Түркістаннан анда-санда тұрмыстық техника келеді, – дейді аға тауар кассирі Ғаббас Сембаев, Оңай Сағынова, Тойдық Жанбозова сынды ұстаздарын үлкен құрметпен еске алады. Тиянақты да тындырымды еңбегі үшін Тыныштық теміржолшы сан рет басшылықтың Алғыс хатымен, «Қазақстан темір жолының 110 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды, ал былтыр Маңғыстау ауданы бойынша «Жыл теміржолшысы» атанды. Ал жұмыстан бос уақыттағы ермегі, бүгінгінің тілімен айтқанда «хоббиі» тоқыма-шілтер тоқу екен.