Ақтөбелік ардагер теміржолшы 700 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті

Әлеумет
02.05.2019, 09:07

Ақтөбелік ардагер теміржолшы Жұмабай Отарғалиев 700 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті. Пойыз жолын жағалап жүрген 65 жастағы қарт теміржолшы 10 күнде Ақтөбеден Қызылордаға жеткен. Ардагер бұл жетістігін Қазақстан темір жолының 115 жылдығына арнап отыр. 

«7 сәуір – Халықаралық денсаулық күні сапарға шықтым. Сапарды алдын ала жоспарлап, веложүрістің маршрутын жасадым. Бірінші Шалқар қаласына дейін пойызбен жетіп алдым. Сол жердегі әскерилендірілген теміржол күзеті мекемесінде 2-3 сағат тынығып, таңғы сағат 9-да жолға шықтым. Биыл Қазақ темір жолына 115 жыл және Ақтөбе қаласына 150 жыл толады. Атаулы датаны өзім осылай атап өткім келді», – дейді зейнеткер.

Ардагер темір жол бойын жағалап жүріп отырған. Жол бойындағы барлық станциялар мен бекеттерге тоқтап, жергілікті теміржолшылармен тілдесіп, са лауатты өмірді насихаттаған. 65 жастағы қарияның өзі талай жылдан бері салауатты өмір салтын ұстанады. Таңғы уақытта жүгіріп, өзін жаттықтырып отырудан жалыққан емес. «Шайтан арба» мінген ақсақалдың бұл бірінші сапары емес, соңғы бірнеше жыл талай жерді шарлады. Спортпен тұрақты айналысқандықтан жолда қиындық көрмейтінін, қайта шыңдала түсетінін айтады.

«Шалқар қаласынан Қызылорда облысына дейінгі барлық разъездерді аралап шықтым. Тұрақты жаттығулардың арқасында жолда шаршап, қиындық көрген жоқпын. Велосипедтің жарылған дөңгелегін жолда өзім жөндеп алдым. Тоғыс станциясы, Құрлық разъезі, Сексеуіл станциясында кідіріп демалдым. Қайырымды жандар аман болсын. Жолымда кездескен теміржолшылар қарсы алып, жоғымды түгендеп беріп, ақ жол тілеп шығарып салып жатқан көңілдерінің өзі неге тұрады...»,– дейді ақсақал.

Қызылорда шекарасында ақсақалды әскерилендірілген күзет қызметінің жігіттері құшақ жая қарсы алып, сүт қатқан қою шаймен сыйлап, сапары барысында көрген-білген әңгімесін тыңдады. Ақсақал жастарға 115 жыл тарихы бар Қазақстан темір жолының кешегісі мен бүгіні туралы, өзі көрген, куә болған қызықты оқиғалар мен деректер жайлы айтып берді.

Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады
Аймақтар
29.08.2024
Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда
Жүк тасымалы
29.08.2024
Астық қай елдерге экспортталып жатқаны айтылды
Аймақтар
29.08.2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті
Жаңалықтар
28.08.2024
Көлік полицейлері ҚТЖ музейінде болды (Фото)
Әлемде
28.08.2024
Končar аккумулятормен жүретін алғашқы пойызын таныстырды
Жүк тасымалы
27.08.2024
ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
27.08.2024
Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді