Колледж түлектері жұмыс таппай жүр

Әлеумет
15.09.2021, 09:28
Оқуға 2 мин
Асхат Райқұл

Тоқсан жылдық тарихы бар Жамбыл теміржол көлігі және коммуникация колледжі туралы Rail-news.kz сайтымызда жаздық. Жамбыл өңіріне белгілі ардагер-теміржолшы Махамғали Данаев – осы білім ордасының түлегі. Теміржолшылардың білім ошағын 1963 жылы бітіріп шыққан ардагер колледжде талай жыл дәріс берген, жұмысшы санатының білікті мамандарын дайындаған оқу орны жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.

«Мен жоғары санатты өндірістік шебермін. Электровоз машинисінің көмекшісі мамандығы бойынша топтарда оқу өндіріс шебері болып көп жылдар бойы осында еңбек еттім», – деген ақсақалдың айтуынша, оқу орны осыдан тоқсан жыл бұрын Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы басталғанда, салаға сауатты мамандар дайындау мақсатында 1930 жылы фабрика-зауыттық оқыту мектебі (ФЗО) ретінде ашылған екен. Міне, қазіргі колледждің шежіресі сол тұстан тарқатылады.

«1940 жылы жаңағы мектептің базасында Жамбыл теміржол училищесі ірге қалады. Бұл оқиға сол кездегі Әулиеата тұрғындарына үлкен жаңалық болды. Көпшілік «Балаларымыз білім алады, теміржолшы болып пойыз айдайды» деп қуаныпты. Училище сол кезде-ақ теміржол саласы үшін аса қажет кадрларды әзірлей бастады, ұзақ жыл слесарьлар, паровозшылар, вагон қараушылар, құрал-жабдықтарды реттеу- ші, автоматшылар, слесарь-механиктер, жол бригадирлері мен жолсеріктер, т.т. дайындалып, бүкіл өңірдің теміржолшы кадрларына қажеттілікті жауып отырған», – деді ардагер. Өз даму жылдарында теміржол училищесінің атауы кәсіби техникалық училище, кәсіби техникалық мектеп, кәсіби техникалық лицей, темір жол колледжі, ал осыдан үш жыл бұрын Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі болып өзгерді. Колледждің директоры Ұлжан Кенжебаеваның айтуына қарағанда, білім ордасынан ұзақ жылдар бойы теміржол саласына қатысты 40 мыңнан астам орта буын мамандары оқып шыққан екен.

«Бүгінде колледжде 500-600 шамасында студент оқиды. Былтырғы оқу жылының соңында 254 түлегімізге жолдама берсек, биылғы оқу жылында 200 студентімізді шығарып салдық», – деген Ұлжан Қайыпбекқызы түлектердің дені теміржол саласына жұмысқа баратынын айтты.

Алайда, соңғы жылдары теміржолшы мамандығын алған түлектердің дені жұмыс таппай жүргені де жасырын емес екен. «Себебі, олар үшін бірден бір жұмыс орны «Қазақстан темір жолы» компаниясының жергілікті бөлімшелерінде жұмысшыларға қысқарту жүріп, одан қалды мораторий жарияланып, түлектеріміз екі қолға бір күрек таба алмай жүргені жанымызға батады», – дейді колледж басшысы.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде