Семей ЖТ бөлімшесінде үстел теннисінен өңірлік жарыс өтті

Спорт
29.10.2021, 12:16
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде өңір бойынша үстел теннисінен ерлер және аралас жұптар арасында командалық біріншілік болып өтті. Қаладағы теннис орталығында өткен байрақты бәсекеге спортты серік ететін теміржолшылар арасынан 62 ойыншы қатысып, жүлделі орындарды бөлісті. Алғашқы кезекте сайысқа қатысушылар өз араларында қарсылас командаларды анықтап алды. Бұл жолы барлығы сегіз команда жарыс жолына шыққан болатын. Алдымен кезекпе-кезек шеберлік сынасқан олар жарысқа жоғары деңгейдегі даярлықпен келгендіктерін дәлелдей білді. Дегенмен ақтық финалға тек үздіктер ғана жеткен болатын. Соңғы сынға суырылып шыққан ШЧ-29 «Ибраев+К» ӨК теміржолшылары қарымта байқасты. Семей белгі беру және байланыс дистанциясының құрамында үстел теннисінен ұлттық компания чемпиондары өнер көрсетті. Сондықтан болар, ұпай санымен басым түскен ШЧ-29 командасы қарсыластарын 2:1 есебімен ұтып, бөлімше біріншілігінің чемпионы атағын айқын басымдықпен жеңіп алды. Ал, «Ибраев+К» ӨК вагон жөндеушілері жүлделі екінші орынды қанағат тұтты. Жалпы, біріншілік барысы өте қызу өрбіді. Нәтиже бойынша Шар станциясынан келген ТЧЭ-25 командасы үшінші орынға тұрақтаса, 4-ші орынды ӘТЖК Семей филиалының теннисшілері алды. Ал, бесінші, алтыншы орындарды ПЧ-39 және Семей ДС командалары өзара бөлісті. Осыдан кейін ерлер арасындағы жекпе-жек үш жас айырмашылығы бойынша өтті. Барлығы 19 адам қатысқан бұл сайыста да біріншілік жеңімпазы атағын ШЧ-29 қызметкері Рустам Мұхаметжанов, кәсіподақ атынан сайысқа түскен Жанат Мойынбаев пен ТЧЭ-25 мекемесінен Қайрат Қарақанов жеңіп алды. Бұдан өзге екінші және үшінші орын алған әр жаста сынға түскен теміржолшылар да марапатсыз қалмады. Ал әйелдер арасындағы үстел теннисіне бес адам қатысты. Бірінші орынды шебер ойынынмен айрықша көзге түскен ШЧ-29 мекемесінің қызметкері Гүлнар Ибраева алды. Екінші орынға Семей станциясының спортшы қызы Салтанат Закарьянова, ал үшінші орынды «Ибраев+К» өндірістік кооперативінің өкілі Гүлнар Ибраева иеленді.

– Алдағы уақыттарда осындай сайыстар мен бөлімше біріншіліктері көптеп ұйымдастырылатын болады. Теміржолшылар тарапынан түсіп жатқан ұсыныстар көп. Жарыс қызықтары әлі алда, – дейді бұл ретте пікір білдірген бөлімшенің «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі Наталья Мешкова.
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет