Семейдегі ПЧ-39 мекемесінің желаяқтары жеңіл атлетикадан өткен жарыс жеңімпаздары

Спорт
03.11.2021, 11:47
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық шаралар қызу қарқынмен басталып кетті. Осыған дейін бөлімше бойынша үстел теннисінен кіл мықтыларды сарапқа салған теміржолшылар осы жолы ашық аспан астында жеңіл атлетикадан эстафета өткізді, де хабарлайды Rail-news.kz. Бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған бұл жолғы шараға да қатысушылар мен жанкүйерлер мол жиналды. Эстафеталық сайысқа желі бойындағы теміржол мекеме- лерінен жасақталған жалпы саны 6 команда қатысты. Салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов іріктеліп, кіл желаяқтарды жинаған спорттық шара қызықты да тартысты өтеріне сенім білдіріп, командаларға жеңіс тіледі. Бөлімше шеңберінде өтіп жатқан спорттық шаралардан шет қалмай, мейлінше белсенділік танытқан барша теміржолшыларға алғыс білдірді. Сайыс тәртібі бойынша әуелі қыздар 100 метрлік қашықтыққа жүгіріп, жалаушаны ардагерлерге табыстауы тиіс болатын. Ал, жарысқа қатысқан аға буын өкілдерінен құралған команда да осы қашықтықты жүгіріп өтіп, кезек күтіп тұрған жастарға табыстауы тиіс. Олар мәреге дейінгі 200 метрді жүгіріп өтеді. Әрине, бұл жерде ең алдымен шешуші роль атқаратын – жылдамдық. 6 команда екіге бөлініп, жарыс жолына шықты. Әуелгі болып сайысқа түскен НЖС-6, Семей станциясы мен ПЧ- 39 қыздары жүз метрді жылдам жүгіріп өтті, олардан эстафетаны қабылдап алған аға буын өкілдері де әлі қатарда екендіктерін дәлелдей білді. Ал, келесі айналымда сынға түскен Жаңа-Семей станциясы мен ВЧД-23 және ТЧЭ-24 қыздары да ширақ қимылдады. Жалаушаны бір-бірінен іліп алып жүгірген жас та, жасамыс та нағыз желаяқтарша өнер көрсетті. Әйтсе де, сайыс соңындағы қорытынды бойынша іріктеліп шыққан кіл жүйріктер ғана жүлделі орындарға іліге алды. Бірінші орынды берілген межені небары 2 минутқа жетпейтін уақыт ішінде жүгіріп өткен ПЧ-39 мекемесінің қыздары мен жігіттері жеңіп алды. Ал, екінші орын Жаңа-Семей станциясына бұйырса, жүлделі үшінші орынды Семей локомотив пайдалану депосының желаяқтары иеленді. Жеңімпаз командаға арнайы кубок табыс етілсе, өзге командаларға алғыс хаттар берілді. Мұнымен қатар, үздік өнер көрсеткен жүлделі командаларға ақшалай сыйлықтар да берілді.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай спорттық шаралар өткен аптада бастау алған болатын. Мерекелі күнге дейін теміржолшылар қауымын әлі де түрлі сайыстар мен жарыс жолдары күтіп тұр. Алдағы уақытта мекемелер арасында во- лейбол мен баскетболдан біріншілік өтеді, – деп хабардар етті бөлімшенің «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова.
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет