Теміржолшылар балық аулап жарысты

Спорт
16.02.2023, 19:03
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Өзен жағалағанның өзегі талмас» дегендей, көптеген балықшылар үшін қысқы балық аулау бұл хобби ғана емес, бүгінде күнделікті азығы да. Ал Жайықтың бойында өскен халық үшін балық аулау – демалыстың кең таралған түрі.  

Жуырда өңір теміржолшылары осындай жақсы демалыс күнін өткізді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қысқы балық аулау күні» өтіп, оған жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің қырықтан астам жұмысшысы қатысты. Олардың әрқайсысы мұз астынан балық аулауда өз шеберліктерін көрсетуге тырысты. Балық аулаудың қызығына түскен адамды тоқтату мүмкін емес. Бұл жолы да мұз үстіндегі бәсеке қытымыр аязға қарамастан қыза түсті.

– Ұжымдағы командалық бірлік қашан да маңызды. Қысқы балық аулау жарысын ұйымдастырудағы мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік рухты және ұжымдардың өзара бірлігін нығайту. Жарысқа екі бөлімшеден қырықтан астам адам қатысуға ниет білдірді. Ішінде кәсіби балықшыға айналғандары да бар. Мұз үстінде балық аулау – әрі қызық, әрі таза ауадағы тамаша демалыс. Үнемі жұмысбасты боп қалған теміржолшылардың бір сәт демалғаны да керек қой, – дейді спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев.  

Жарыс қорытындысы бойынша «Ең бірінші балықты аулаған» – Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының электрмеханигі Б.Әбуғалиев, «Ең көп аулаған» – Атырау станциясы бастығының орынбасары Б.Аяуов, ал «Ең үлкен балықты» ұстаған Махамбет станциясының бастығы Ж.Қалиханов болды. Жеңімпаздар арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен, ал барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Айта кетерлігі, шара барысында барлық қауіпсіздік шаралары алынып, балық аулау ережеге сәйкес жүргізілді.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды