Үздік команда – теміржолшылар

Спорт
03.03.2023, 11:03
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Абай облысында «Еңбекші жастар-2023» фестивалі аясында спорттың шағын футбол түрінен аймақтағы іргелі еңбек ұжымдары арасында сайыс өтіп, теміржолшылар жеңіске жетті.

Турнирге «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесінің әуесқой футболшыларынан тұратын құрама командасы қатысып, бақ сынады. Осыған дейін ұлттық компания бойынша республиканың әр түкпірінде, тіпті шет елдерде де жарысқа барып, шеберлік сынап жүрген семейлік теміржолшылар үшін бұл жолғы сайыс қиынға түскен жоқ. Барлық қарсылас командаларды ұпай санымен ойсырата ұтып, жеңіс тұғырына еркін көтерілді. Осылайша турнирге қатысқан 8 команда арасында теміржолшылар мерейі үстем болды.  

Бас жүлдені жеңіп алған теміржолшылар атқарушы билік тарапынан ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал екінші орынды «12 ай» компаниясының Семей филиалы иеленді. ІІІ орын «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының» құрама командасына бұйырды.  

Мұнымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясының иегері болып Мархат Нұрахметов, Жомарт Болатов есімді спортшылар танылды. Ал «Үздік қақпашы» номинациясының иегері Мерей Айткенов құрметке кенелді.  

Бір айта кетерлігі, аталған фестиваль аясында теміржолшылардың жас буыны ең үздік еңбекші жастар ретінде де жоғары бағаланды.  

– Мұндай шаралардың жастар үшін маңызы зор деп санаймыз. Бүгінгі таңда еңбекші жастар өз уақыттарын тиімді өткізіп, қайырымдылықпен, спортпен шұғылданады. Сондықтан қоғамның қозғаушы күші саналатын жастар қауымы кәсіби еңбекті қоғамдық шаралармен тығыз астастырып, қатар алып жүр деу- ге толық негіз бар. Фестиваль барысында олардың атқарушы билік тарапынан марапатталуы осы жолдағы еңбектерінің бағалануы деп білеміз. Президентіміз атап өткендей, еліміздегі еңбекқор жастар мен нағыз кәсіби мамандық иелерінің жетістіктері жоғары бағаланып, кейінгі толқынға үлгі етілуі тиіс, – дейді бұл орайда фестиваль жүлдегері, Семей ЖТ бөлімшесіндегі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, кәсіпқой футболшы Жанат Мойынбаев.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады