Арыста ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Спорт
25.03.2023, 13:46
Суретті түсірген автор

Наурыз мейрамында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының ұйымдастыруымен Арыс қаласында теміржол мекемелері арасында  ұлттық ойындардан сайыс өтті.

Наурыз мерекесіне орай өткен сайыста теміржолшылар тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарысты.

Өмірі теміржолмен тікелей қабысқан қызметкерлер биыл жарыстың дәстүрлі түрде 10-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғанын айтып,  сайыста белсенділік танытты. Спорттық жарысқа ВЧД-30, ШЧ-38, ДС Арыс, ТЧЭ-32, ПЧ-54 мекемелерінен 7 команда жасақталып,  50 адам бақ сынасты.

Іс-шара барысында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің спорт нұсқаушысы Елена Маньшина және Жүк тасымалы кәсіподақ комитетінің Арыс станциясының цехком төрағасы Телгозы Шорахан сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, отбасыларына табыс пен қиын еңбекте сәтті жол тіледі.

Спорттық жарыста арқан тарту түрінен жеңіске жеткен командалар:

І орын – ШЧ-38 командасы  

ІІ орын – ПЧ-54 командасы

ІІІ орын – ВЧД-30 командасы иеленді.

Тоғызқұмалақ:

І орын – Мұрат Әбдібаитов, ШЧ-38 командасы

ІІ орын – Мырзан Назарбай, ТЧЭ-32 командасы

ІІІ орын – Нұрлан Кілібаев, ДС Арыс командасы.

Асық ату:

І орын – Асхат Жанәділ, ВЧД-30 командасы,  

ІІ орын – Кенжебек Күшікбаев, ШЧ-38 командасы,  

ІІІ орын – Әзімхан Оқсықбаев, ПЧ-54 командасы.

Жеңімпаздар «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаты, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды, оған қоса І орын иегерлері Бурабайға жолдама алды.

Арқан тартудан ІІ орын иегері ПЧ-54 мекемесінің жол жөндеушісі Мақсат Жолдасов 10 жылдан бері осы мекемеде қызмет етіп келе жатқанын айтады.

«Маған спортпен айналысқан ұнайды, тек қана арқан тарту емес басқа да спорт түрімен айналысамын. Жалпы теміржолшыларға бұндай спорттық жарыстар көптеп ұйымдастырылып тұрса, себебі ауыр жұмыс күннің соңы шаршағаннан қалай аяқталғанын да білмей жатамыз. Бір мезгіл бізге де спорт, қоғамдық іс-шаралар арқылы серпіліп тұруымыз керек деп ойлаймын. Бүгінгі жарыстың мақсат – жеңу емес, өз ұжымымызды қолдау болды», – дейді ол.  

ШЧ-38 мекемесінің электромеханигі, асық атудан ІІ-орын иегері Кенжебек Күшікбаев асық ату ойынын балаларына да үйретіп келе жатқанын жеткізді.  

«Жалпы әріптестеріміздің Бурабайға барып спорттық жарысқа қатысып жүргенін естиміз, биыл бізде қатысып бақ сынап көрдік. Өз балаларыма ата-бабадан дарыған «асық атуды» үйретіп келемін, біз жасаған нәрсе өскелең ұрпаққа өнеге. Сондықтан да тек Наурызда емес, жалпы ұжым арасында ұлттық спорт түрлерін жас-кәрі демей жаппай насихаттау керек деп ойлаймын», – дейді К. Күшікбаев.

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Арыс қаласы бойынша спорт нұсқаушысы Көмек Асанов теміржолшылардың ұлттық ойындар сайысына деген қызығушылығы зор екенін айтты.

«Іс-шара жоспары құрылып мекеме атынан хабарландыру дайындағаннан бастап теміржолшылар белсенді түрде жарысқа қатысуға өтінім білдірді. Соның ішінде Арыс станциясынан 7 бірдей мекеме жиналғандықтан жарыс осында өткізілді. Ең мықты командалар Республикалық жарысқа жолдама алды. Түнгі ауысымнан шықса да жарысқа қатысқан азаматтарға ерекше алғыс білдіремін. Ауыр жұмыспен шаршаған теміржолшылар үшін бүгінгі жарыс жаңа серпіліс және мотивация болды», – дейді ол.

Сабира Байзахова, Шымкент

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады