Локомотившілер топ жарды

Спорт
07.04.2023, 12:26
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жалпы, теміржолшы деген спорт десе ішкен асын жерге қоятын халық екені баршаға аян. Солардың қатарында Мақат локомотив депосының ұжымы да бар.

Олар спорттың қай түрінен де қалыс қалған емес, футбол, волейбол, гир көтеру, армрестлинг, қазақ күресі, т.б. сайыстардың бәріне қатысып қана қоймай, жүлделі орындардан көрініп жүр. Дегенмен, солардың ішінде футболдан мақаттық локомотившілердің алдына түсетіндер некен-саяқ.  

Жуырда Атырау облысы бойынша футзалдан 14-ші ашық біріншілігі додасы өтіп, оған облыстың ең мықты деген 14 командасы қатысқан болатын. Олардың ішінде республикалық жарыстарға қатысып жүрген «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Ембімұнайгаз», «НКОК», «Каспийнефть» сынды атағы жер жарған мұнай компанияларының командалары да бар. Өте шиеленісті де тартысты өткен ойында қай команда да намысты қолдан бермеуге жанын салды. Бірақ «күш атасын танымас» дегендей, «Локомотив-Мақат» командасы шеберлігін асырып, 11 команданы жеңіп, үш командамен тең түсті. Соңғы ойында теміржолдың локомотившілер командасының тағы да бағы жанды, барлық командаларды ойсырата ұтып, бас жүлдені жеңіп алды! Жеңімпаз команда ашық біріншілік кубогына ие болып, жекелеген ойыншылар да атаусыз қалмады. Үздік қақпашы, үздік ойыншы номинациясын жеңіп алған жігіттер мерейі үстем болды. Жалпы, облыстағы ең мықтылар арасынан қара үзіп шыққан команда барлық теміржолшылар мерейін үстем етті. Жарайсыңдар, локомотившілер!  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды