Атырауда Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай балық аулаудан жарыс өтті

Спорт
27.02.2024, 08:56
Оқуға 1 мин
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жұмыстан қол босаған кезде бір ауық таза ауаға серуенге шығып, өзеннен балық аулап, демалып отырғанға не жетсін! Өткен сенбіде атыраулық теміржолшылар тағы да бас қосып, бұл жолы Жайық өзенінен балық аулауға барды.  

«Қазақкөліккәсіп» ҚБ Атырау өңірі бойынша өкілдігі мен спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай балық аулаудан жарыс өтіп, оған ГП-13, НЖС-13, ТЧЭ-3, ТЧЭ-4, ВЧДЭ-1, қала басындағы Акжайык, Атырау, Махамбет станциялары, ПЧ-9, ШЧ-8, ШЧ-9, ВП-9 мекемелерінің теміржолшылары қатысып, алты номинация бойынша өткен сайыста балық аулаудың нағыз шеберлері анықталды.  

Спорт нұсқаушысы Ренат Иманғазиевтің айтуынша, ең бірінші боп қармағын  балық қапқан ВЧДЭ-1 жұмысшысы Сергей Медведев болды. Ең үлкен балық локомотивші Жандарбек Ақдосжановтың, ал ең кішкентай балық Теңдік станциясынан Ізбасар Өткелбаевтың қармағына ілініпті. Бәрінен көп балық аулаған байланысшы Жұмабай Мұқашев болса, ең жас балықшы Әділжан Мутиполлаев, ал ең тәжірибелі НЖС-13 қызметкері Насихат Зиналиев болды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықпен марапатталып, барша жарысқа қатысушылар да ынталандыру сыйлығына ие болып, мәз-мәйрам болды.    

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды