Еңбекті қорғау күніне орай спорттық іс-шара өтті

Спорт
30.04.2024, 11:07
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының спорт нұсқаушылары мен Тараз көліктегі оқу орталығы кәсіподақ ұйымы бірлесіп теміржолшылар арасында бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізді.  

Салауатты өмірді серік еткендер теміржолшылар қатарында аз емес. Бұл жолы да қатысушылар қарасы көп болды. Жиылғандар алдымен бағдарламаға сай өндірістік гимнастикадан жаттығулар жасады. «Өндірістік гимнастика – қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, іскерлік қабілетін арттыру мақсатында жұмыс уақытында жүргізілетін дене шынықтыру шаралары. Оның екі түрі бар. Соның бірі – кіріспе гимнастика жұмыс бастар алдында жасалады. Бұл адамның ағзасын өндіріс жұмыстарына дайындайды. Гимнастиканың бұл түрі теміржолшылардың атқаратын жұмысына қарай белгіленеді. Қысқасы, практикалық дағдыны қалыптастырады», – дейді спорт нұсқаушысы Евгений Ким.

Әрі қарай сайысқа кіріскен теміржолшылар командалары арқан тарту мен гир көтеруден өзара жарысқа түсіп, жүректілер мен білектілер анықталды. Арқан тарту жарысынан «ВП» курсанттары жеңіске жетсе, «МЭ-19» командасы 2-орынды иеленді. Ал 3-орын «Жейсмар» тобына бұйырды. Гир көтеруден жүк тиеушілер арасында Айдос Қалибеков озық шықты. Электровоз машинистері командасынан Рүстем Жаулбеков 2-орыннан көрінді. Тепловоз машинисі Медет Сағатбековтің еншісіне тигені – жүлделі 3-орын.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды