Маңғыстау темір жолының 60 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
17.05.2024, 11:43
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының 120 жылдығы мен Маңғыстау темір жолының 60 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар аясында түбектік теміржолшылар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Түбектегі барлық теміржол мекемелері мен станциялардың сайланып шыққан командалары Маңғыстау станциясындағы спорт кешенінде өткен турнирде бас қосты. Жарысқа Бейнеу, Болашақ, Шетпе станцияларының құрамалары, бір ғана Маңғыстау станциясынан алты команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир нәтижесінде I орынға Маңғыстау жол дистанциясының, II орынға Маңғыстау қосалқы бөлімінің, III орынға Маңғыстау локомотив депосының командалары ие болды. Сонымен қатар «Үздік футболшы» аталымын тепловоз машинисі Мұса Битан, «Үздік қақпашы» марапатын жол жөндеуші Ержан Ибрагим, «Үздік сұрмерген» номинациясын жол жөндеуші Саясат Садақбаев алды. Ал «Үздік шабуылшы» марапаты Болашақтан келген станция кезекшісі Мейрамбек Мархамбетовке бұйырды.  

Жүлдегерлер кәсіподақ ұйымы тарапынан тиісті сый-сияпатпен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты