Шуда арқан тартудан жарыс өтті

Спорт
29.07.2024, 13:23
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шу қаласында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелердің ұлттық спорт – арқан тартудан жарыс өткізді. Қазақстан темір жолының 120 жылдығы аясында өткен шараға қатысқан командалар білек күшін танытты.

Алайда, тек білек күшіне сенген кейбір командалар тактиканы дұрыс таңдаған қарсыластарына есе жіберіп жатты. Ал «старт» белгісі берілгенде бірден қара күшке салып, қарсы топтың біраз мысын басқандардың жолы болған сәттер де көп. Ә дегенде, екпінге ерік беріп қойып, алайда соңына дейін беріспей, жеңісті қайта жұлып алғандар да бар.

– Жалпы арқан тарту – талаптары мен ережелері жеңіл спорт түрі болғанымен, жарыстың өзі оңай емес. Мұнда ең басты мәселе – ойыншыларды  дұрыс таңдай білу. Нақтырақ айтсақ, арқанның басына білек күші мықты ойыншыны қою керек. Арқан тартыста күрестегідей, аяққа нық тұру да аса маңызды, – дейді Шу сигнализация және байланыс дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Әзімбек Көкімов.

Жарыс қорытындысында алаң иелері ШЧ-35 командасы 1-орын алды. Ал сусыған арқанмен бірге жеңісті де қолдан берген ПЧМ жігіттері 2-орынды қанағат тұтты. Үштікті түйіндеген ЭЧ-22 де осал нәтиже көрсетпеді.  

Үздік үш команда арнайы дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сыйлықтар болды.    

 

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?