Ақтөбеде ұлттық ойындардан жарыс өтті

Спорт
18.03.2025, 09:37
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Наурыз мерекесі қарсаңында өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен жарыс жалауы желбіреді. Ақтөбелік теміржолшылар тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі мен арқан тартудан жарыс өткізді.

Ақтөбе бөлімшесіне қарасты станциялар мен теміржол мекемелерінен келген 80-нен астам теміржолшы-спортшылар арасында өткен ұлттық ойындар ерекше көңіл күймен басталды. Жігіттер білек күші сынға түскен бәсекеде барын салды. Өңкей мығым, білекті теміржолшылардың осалы болмады.  

«Теміржолшылар арасында ұлттық ойын түрлерінен өтіп жатқан сайыс ұлттық спорттың дамуы мен ұлттық құндылықтардың кеңінен насихатталуына тамшыдай болса да үлес деп есептейміз. Бүгін мықтылығын көрсеткен команда ҚТЖ чемпионатына қатысады», – деді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.  

Тоғызқұмалақ ойынынан ерлер арасында 1-орынды ШЧ-5 еншілесе, қыздар арасында ТЧЭ-5 Қандыағаш командасының ойыншылары алдына жан салған жоқ. Ал асық ату бойынша 1-орынды Қандыағаштан ДС командасы үздік атанып, қыздар арасындағы бес тас ойынында техникалық бөлімнен Гүлшат Бижанова жеңіске жетті.  

Қол күресінен 80+ және 80 келі салмақтары бойынша шалқарлық теміржолшылар Айдын Бисеналин мен Алтынбек Насанбаев алдына жан салмады. 65+ және 65 келі салмақтарымен шыққан шалқарлық Әсел Жұмағұлова мен техникалық бөлімнен Гүлшат Бижанова жеңімпаз атанды.  

Арқан тарту ойыны бойынша 1-орынды ШЧ-3 Шалқар, 2-орынды ПЧ-8 Шалқар, 3-орынды Қандыағаш әскерилендірген күзет мекемесі иеленді. Жүлделі орындарға ие болған теміржолшылар ҚТЖ чемпионатына жолдама алды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды