Кіл мықтылар анықталды

Спорт
19.08.2025, 10:52
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай шағын футболдан кіл мықтыларды анықтаған байрақты бәсеке ұйымдастырылды. «Спорт лайф» спорт кешенінде өткен шараға 50-ге жуық теміржолшы-спортшы қатысты.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының спорт нұсқаушысы Көмек Асановтың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін сайысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласында орналасқан теміржол мекемелерінің қызметкерлері қатысқан. Атап айтқанда, ШЧ-37, ШЧ38, ПЧ-53, ПЧ-54, ДС-Манкент және ӘТЖК-Шымкент мекемелерінен құралған командалық сайыс өте тартысты ойынға ұласты. Ал әрбір команда 8 ойыншыдан құралды.

– Осындай шараны ұйымдастыру арқылы біз кәсіпорын, мекемелердегі командалық рухты оятып, әріптестер арасында өзара сыйластықты нығайтамыз. Одан бөлек, қоғам арасында салауатты өмір сүру салты насихаттала түседі, – дейді К.Асанов.  

Айта кетейік, «Қазкөліккәсіп» ҚБ теміржолшылар арасында өзара байланыстың нығайып, жұмыс өнімділігін арттыру арқылы қоғамның дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның айқын дәлелін осындай іс-шаралардан байқауға болады. Ал енді осындай мақсатта ұйымдастырылған спорттық сайыста Арыс белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымынан құралған топ үздік деп танылса, екінші орынға Шымкент жол дистанциясының командасы иелік етті. Ал Манкент станциясы ұжымының «ДС-Манкент» командасына үшінші орын бұйырды.  

Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлық пен арнайы кубок табыс етілді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады