Футбол лигасының аймақтық кубогында «Достық» командасы топ жарды

Спорт
18.10.2021, 08:51
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде «Қазпрофтранс-2021» атауымен теміржолшылар футбол лигасының аймақтық кубогы болып өтті. Карантиндік шектеулерге байланысты араға уақыт салып өткізілген бұл жолғы сайысқа үш команда қатысып, өзара шеберлік сынасты. Жарысты ашқан бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жасыл алаң төріне алғашқы болып Семей ӘТЖК филиалының жігіттері мен Өскемен локомотив пайдалану депосының футбол командасы шықты. Тартысты өткен ойын барысында алғашқы таймда доп соғылған жоқ. Екінші кезеңде өскемендік қонақтар алғашқы болып есеп ашты. Алайда, араға көп уақыт салмастан ӘТЖК командасы есепті теңестірді де ойын тең аяқталды. Семейлік команданың келесі сәтте Алматы ЖТ бөлімшесінің Достық станциясынан келген қозғалысшылар командасымен ойыны өте шиеленісті өтті. Екі тайм барысында Достық жігіттері еш жауапсыз төрт гол соғып, есеп 0:4 -пен аяқталды. Жоғары деңгейдегі даярлықпен келген алматылықтар командасының құрамында осыған дейін бірнеше мәрте бөлімше чемпионы болған футболшылар бар екен. Сондықтан да болар, Достық пен Өскемен командалары арасындағы ойында да алматылықтар айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 0:3. Осылайша турнир жеңімпаздарының сатысында Достық станциясы бірінші орын мінберінен табылса, Өскемендегі ТЧЭ-22 командасы 2-ші орынды, ал, алаң иелері Семей ӘТЖК филиалының командасы үшінші орынды місе тұтты. Енді Достық командасының футболшылары бүгін-ертең Шымкент қаласында өтетін сайыста бақ сынамақ.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды