Шығырлықтар жүк арту жоспарын 8 мың вагон цистернаға жеткізуді көздеп отыр

Станция тынысы
11.03.2022, 10:28
Қазақстан теміржолшысы

Арыстың іргесінде орналасқан Шағыр станциясы шағын болса да маңызы зор. Екінші класты станция Шағырдан негізінен мұнай өнімдері тиеледі.

  Тоқсаныншы жылдары шаруасы шатқаяқтап қалған Шағырдың бағы қайта жанған кез станцияның жанынан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының шикі мұнай құю бекеті іске қосылған 2002 жылдан басталды. Мұнай компаниясына қарасты «Шағыр» мұнай құю бекетіне тартылған кірме жолдың эстакадаға сыйымдылығы – 40 вагон цистерна. Яғни тәулігіне 80 вагон цистерна шикі мұнай артуға есептелінген. Күні бүгінге дейін тұрақты жұмыс істеп келеді.

Шағыр станциясынан «PTC-operator» ЖШС мұнай тасымалдаушысы Өзбекстанның Кара- уылбазар және Ахунбабаев станциясындағы Бұхара және Ферғана шикі мұнай өңдеу зауы- тына экспортқа жүк тасымалдап жөнелтеді. Станция бастығы Бахытжан Қарынтаевтың айтуынша, шикі мұнай тиеу және тасымалдау бойынша өткен 2021 жылы жоспарға сай 39 845 тонна, яғни 650 вагон цистерна жүк артылған. Бұл – жақсы көрсеткіш.

Ал биылғы жылдың қаңтар-ақпан айында кірме жолда жүк тиеу болған жоқ. Себебі, қазіргі кезде станцияда қайта жөндеу жұ- мыстары жүргізіліп жатыр екен. Станция басшысы алдағы уақытта осы екі айдың орнын толтырып, жүк арту жоспарын 8000 вагон цистернаға жеткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

«Шағыр және Монтайтас станцияларында өткен жылы жоспар бойынша атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі тұрақты түрде сақталды, ешқандай кемшіліктер жіберілмеді. Екі станцияда да адамдардың және ірі қара малдың теміржол бойына шығып кетпеу үшін тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізудеміз. Әр станцияда ай сайын теміржол бойына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарымен және мектептерге барып оқушылармен «Теміржол – қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмыс- тарын жүргізіп отырамыз», – деді станция басшысы Бахытжан Арапбайұлы.

Тағы бір жаңалық, жүк түсіру және тасымалдау қызметінің артуына байланысты Монтайтас станциясы биыл 2022 жылдан бастап 4 класты станциялар тізіміне қосылып, статусы жоғарылады. Мұндағы «Аманкелді» кірме жолынан көбіне бидай өнімдері артылады. Станцияда талай жылдан бері осы салада тер төгіп келе жатқан тәжірибелі теміржолшылар көптеп саналады. Себебі, Шағыр мен Монтайтас та Арыс секілді теміржолшы кәсібін ерте меңгерген.

Станция бастығы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының Алғыс хатымен және «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапатталған еңбек озаттары – станция кезекшілері Н.Нұржанов, Ж.Мергенбаев, Д.Жаманбаев, Ғ.Сатынбеков, Ү.Аманжолов, Ғ.Қарынтаев, М.Билалов және пойыз құрастырушылар С.Бастарбеков, Д.Қалиев, жүк қабылдап-тапсырушы Д.Абдикеримов, тауар кассирлері С.Қожамұрат, А.Абышова сынды теміржолшылар негізінен еңбек өтілдері жүздеген жылдарды құрайтын әулеттер өкілі екенін жеткізді.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі