Таулы аймақта орналасқан станцияның жазғы дайындығы оң бағаланды

Станция тынысы
26.04.2023, 15:29
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор

Шымкентке кіреберістегі  Машат тауының баурайында орналасқан Түлкібас станциясы табиғаты көркем таулы аймақ. Арыс-Тараз магистралінде орналасқан екінші класты станция Шымкент және Жамбыл бөлімшелерінің арасындағы түйіспе бекет болып табылады.

Түлкібас станциясы транзиттік жүк және жолаушылар пойыздарын қабылдап өңдеуді және жөнелтуді, құрама пойыздарды таратуды, жұп және тақ құрама пойыздарды қалыптастыруды, жергілікті вагондарды өңдеуді, вагондарды ағытып және ағытпай жөндеуді, локомотив бригадаларын ауыстыруды жүзеге асырады.  Қарама қарсы бағытта зулаған транзиттік пойыздардың бәрі Түлкібастан өтеді. Жолаушы пойыздарының да дені аялдама жасайды. Станцияда бір мезгілде жұп және тақ бағыттарда пойыздарды қабылдау және жөнелту жүзеге асырылады.  

Үшінші мегополиске кірер қақпа сынды  станцияда 12 қабылдау-жөнелту жолы, 5   арнайы және 9 басқа жолдардан тұратын бір қабылдау-жөнелту паркі жұмыс істейді және "МПДЦ-НЕМАН" микропроцессорлық диспетчерлік     орталықтандырумен жабдықталған. Станция бастығы мен  жедел жұмыс жөніндегі орынбасарының, станция кезекшісінің, СТО аға операторы мен  операторының, жүк пен багаж қабылдап-тапсырушылардың, вагон операторының, аға тауар кассирі мен тауар кассирінің жұмыс орындары түгелдей автоматтандырылған басқару  жүйесіне қосылған. Станцияда штат бойынша барлығы 42 адам жұмыс істейді.  

Жергілікті жүк тиеу де жоғары деңгейде.  Станция қызметін ауданның «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Күнбас-1» өндірістік кооперативі және сол төңіректегі  ірілі-ұсақты кәсіп иелері тұрақты пайдаланады. Ал Түлкібастың атақты алмасы  Қазақстаннан асып, Ресейге тіпті шет елдерге дейін экспортталады. Таулы аймақтың жеміс-жидегі мен балы,  қаймағы қашан да  жоғары сұранысқа ие.  Жеке кәсіпкерлер өнімдерін республика ішіне тасымалдауда теміржол қызметіне жүгінеді.  Түлкібас  станциясының бастығы  алдағы уақытта табиғи өнімдерді тасымалдау бойынша отандық брендтер пайда болса, оның да отаны Түлкібас болатынына дау  жоқ дейді.    

– Осы жылдың 14-сәуірінде өңірлік көктемгі байқау біздің  Түлкібас станциясында өтті. ҚТЖ «Жүк тасмалы» Шымкент филиалының директоры міндетін атқарушы Нұрдәулет Байғазиев пен Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Алғазин Қойлыбаев бастаған комиссия мүшелері пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы мен жазғы тасымалға дайындығымызға оң бағасын берді, – дейді Түлкібас станциясының бастығы Нематилла Тойчибаев.

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді