Жаңарған Жамансор

Станция тынысы
26.09.2023, 09:10
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңіріндегі Жамансор – облыс орталығынан ең шалғайдағы Қызылқоға ауданы аумағындағы шағын станция. Станцияға күніне 20 шақты пойыз келіп кетеді. Оның ішінде жүк және жолау шы пойыздарымен қатар, мұнайшыларды тасымалдайтын қала маңы тасымалы пойызы да қатынайды. Станция бастығы Дарын Есенов жас кадрлар қатарынан.

– Жамансор – 4-ші класты, үш жолы бар станция. Мұнда тәулігіне жиырмадан астам жүк және жолаушы пойыздары келеді. Бұрын одан да көп болатын, пойыздардың бірі келіп, бірі кетіп жатқан қарбалас шақтар еді. Қазір ондай жүктеме жоқ. Станция басында вокзал, электрмен, байланыспен жабдықтау, жол дистанциясы, вагон шаруашылығы бөлімшелері бар. Атырау-Алматы, Атырау-Астана бағытына жүретін жүрдек пойыздар шыққалы жұмысымыз біраз күрделенді, жауапкершілік артты. «Тальго» пойыздары қатты жылдамдықпен жүретіндіктен байланыс, электр құралдарының дұрыс жұмыс жасауына, қауіпсіздікке баса мән беріледі. Жалпы станция қалыпты жұмыс жасап тұр, отырған жеріміз жылы, алаңсыз жұмыс жасауға жағдай бар. Жүк тасымалына келсек, өткен 8 айда 731 вагон жүк түсіріліп, 94 вагон жүк тиелді, – дейді ол.  

Станцияға күрделі жөндеу жүргізілгелі ғимарат іші де, сырты да жарқырап тұр. Кезекшінің бөлмесі бөлек, станция бастығының, аға электромеханиктің өз бөл мелері бар. СОБ қондырғылары қорабы бір бөлмеде орналасқан. Бұрын байланыс құралдары ашық-шашық тұратын болса, енді олардың бәрін арнайы қорапқа орналастырып, монтаждалып, барлық байланыс түрлері жаңаша орнатылды. Бұл – қандай да ақау бола қалса, соны дәл табу үшін және ақауды уақытылы орнынан келтіру үшін аса қажет шаруа. Қозғалыс қауіпсіздігі, бағдаршам, бұрмалардың дұрыс жұмыс жасауына зор мән беріледі. Станция қызметкерлерінің бәрі де сол Жамансор ауылының байырғы тұрғындары. Бұлар үшін болат жолдағы жұмыс сүйікті мамандығы болумен қатар, тіршілік ету өзегі деуге де болады. Жамансор станциясында барлығы 8 бағдаршам, 6 автоматты түрде жұмыс істейтін бағыттамалы бұрма бар. Бәрі де қалыпты жұмыс жасап тұр.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты