Мұнай жолына қызмет көрсететін станция

Станция тынысы
19.10.2023, 11:05
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі уақытта 4-класты станцияға жататын Мұқырдың тарихы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келеді. Мұнай тасымалына жедел жол тартуды мақсат тұтқан кеңес үкіметінің жобасы нәтижесінде салынған Гурьев – Қандыағаш телімі бойында жатқан Мұқыр станциясы, міне, сексен жылдан бері өлке тасымалына қызмет етіп келеді.

Соңғы жылдары күрежолдың үстінде жатқан бұйығы станция қайта түлей бастады.  темір жолдар жаңартылып, инфрақұрылым жаңғыруда. Станция бастығы, жас кадр Абылай Жолдастың айтуынша, станциялық негізгі жолдардың ағаш шпалы түгел темірбетонға ауыстырылған. Биыл Атырау – Сағыз учаскесі бойынша 13,67 км,  рзд.279 – Мұқыр, Кенбай – Жамансор, Қоркөл – Рзд-464 аралығында 31,05 км жол салу мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Станцияда негізгі жол үшеу және 4 кірме жол бар. Ағымдағы жөндеу нәтижесінде пойыз жүрудің станциялық жылдамдығы 100-120 сағат/шақырым құраған. Ал Тальго жүрдек пойызы сағатына 130 жылдамдықпен жүреді. Станцияда 40 адам жұмыс істейді, оның ішінде байланыс, электрмен қамту, вагоншылар, т.б. жұмысшылар бар. Олардың бәрі бір мақсатқа – станция арқылы өтетін жолаушы және жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылған.  

Вокзал 150 орынға шақталған, ішінде вокзал қызметкерлерімен қатар станция бастығы мен станция кезекшісі де отырады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты электронды билет кассасы жұмыс істейді. Вокзалға 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдайдың бәрі жасалған. Станция арқылы тәулігіне 6 жұп жолаушылар пойызы, Тальго жүрдек пойызы және 20 жұп жүк пойызы өтеді. Солардың бәрін қабылдау, өткізуде соңғы жылдары дендеп ене бастаған сандық технологияның көмегі аз емес. Бүгінде заманға сай барлық құралдар электрлендірілген және цифрлық басқаруға көшуде. Мәселен, КТСМ қондырғысы жүріп келе жатқан пойыз доңғалақтарының ақауын тез тауып, көрсетеді. Бәрі компьютерде тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Станция АЛСН қондырғысымен де жабдықталған. Сол секілді бағдаршам, бұрмалар, басқа да құралдар жұмысы, оларды уақытылы жөндеу де үнемі байланысшылар назарында.  

Жалпы, Мұқырда бүгінде 5 мыңның үстінде тұрғын бар. Бұрын жолаушылар пойызы үш-ақ минут аялдайтын. Кейін жергілікті тұрғындардың өтініші ескеріліп, пойыздың станцияда тұру уақыты 3 минуттан 5 минутқа ұзартылған. Атырау – Ақтөбе бағытындағы пойызға демалыс және мейрам күндері жалпы вагон қосу, Атыраудан Сағызға дейін аймақішілік жаңа рейс шығару мәселесі де жиі көтеріліп келеді. Атырау – Мұқыр аралығына айына екі рет мұнайшылар үшін вахталық пойыз да жүреді. Ауылдық жер болғасын жергілікті халықта мал басы баршылық.  Соған орай пойыздың мал басуын болдырмас үшін станция жолдарының жиегіне қоршау салынған. Жол шаруашылығы қызметкерлері күшімен биылғы жылы 149,2 шақырым қоршау тұрғызылуы жоспарланып, көптеген учаскелерде, соның ішінде Мұқыр станциясында да қоршау салынды. Өткен тоғыз айда станцияда жазатайым оқиға не жарақат алу, қауіпсіздік ережесін бұзу жағдайы тіркелмеген.    

 

Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда