Жоңғар қақпасындағы станция

Станция тынысы
31.10.2023, 09:00
Сурет архивтен
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Достық станциясы – ел темір жолының негізгі көлік тораптарының бірі. Шекаралық өткелде еңбек ететін теміржолшылар табиғаттың күрделі климаттық жағдайында жұмыс істеп, белгілі бір қиындықтармен бетпе-бет келіп жатады.

Шекаралық станция арқылы теміржолмен Қытайға, Еуропаға және кері бағытта жүк тасымалданады. Осы жылдың тоғыз айында Достық – Алашанькоу (ҚХР) өткелі арқылы жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% өсіп, 11,8 млн тоннаны құрады. Оның ішінде импорт – 3,3 млн тонна (+4%), экспорт 8,5 млн тонна (+24%) деңгейіне жетті. Станция қызметкерлері күн сайын ҚХР-ға 15 пойыз тапсырады.  

Станциядағы жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде жергілікті теміржолшылар үшін кейде табиғи құбылыстар қиындық тудырады. Себебі мұндағы климат – күрт континентальды. Жазда температура +50С°, қыста –50С° аралығында болады. Станция Жоңғар қақпасының қазақстандық жағында орналасқан, олар шаңды, құмды және кейде тіпті ұсақ тастарды суырып соғатын дауыл мен екпінді желдің (70 м/с дейін) өтінде жұмыс істеуге мәжбүр. Қыста және күзде Көктұма – №16 разъезд – Ақтоғай – Достық теміржол учаскесінде теміржолшылар ауа райының қиын жағдайында жұмыс істейді. Қатты ызғарлы жел теміржол көлігінің жұмысын қиындатып, учаскенің өткізу қабілетіне кері әсер етіп жатады. Станция қызметкерлері табиғи құбылыс әсерлерін азайту, тасымалдаудың қауіпсіздігі мен уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.  

Жалпы, осы жылдың 9 айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы тасымалдау көлемі 22% артып, 21,1 млн тоннаны құраса, экспорт 31%, ал импорт 10% өскен.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда