Студенттер Атырау станциясына келді

Станция тынысы
29.05.2024, 15:34
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мамандық таңдау – болашаққа қадам басқан әр жастың алдында тұратын сұрақ. Қолыңа аттестат алған жан нақты бір мамандықтың тізгініне жармасуға тура келеді. Жуырда Атырау станциясына келген студенттер теміржолшы мамандығын таңдапты.  

Атырау политехникалық колледжінің «Теміржол көлігінде тасымалдауды басқару және ұйымдастыру» бөлімінің 2 және 3-курсында оқып жатқан оларды ұстаздары Салтанат Ибраева бастап келді. Айтуынша, бүгінде колледждің аталған бөлімінде 56 студент білім алып жатса, 4 курс шәкірттері қазіргі уақытта өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Өкініштісі, былтыр теміржолшы мамандығына құжат тапсырған түлек болмапты, салаға қызығушылық төмендеп кеткен.  

Станцияға келген 2-3 курс студенттерін станция бастығы Бекжан Жиенбетов пен бөлімшедегі кадрлар бөлімінің менеджері Ерлан Тарихов қарсы алды. Станция бастығы теміржолшы мамандығы туралы өзі өткен жолдарды мысалға келтіре отырып әңгімелеп, теміржолшы болудың қиындығы мен жауапкершілігі, темірдей тәртіп, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, маман білуге тиіс басты қағидаларды түсіндірді.  

Мамандар бөлімінің бастығы да қазіргі кездегі теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы, жалақысы, еңбек процесінде арнайы киіммен, құралмен қамтамасыз ету, жұмысшыға қойылатын талап, оның құқығы мен міндеттері, еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша жауапкершілігі, жас маманның мансаптық өсу жолдары, т.б. жайттарды әңгіме қылды.  

Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оған кәсіби жауап алды. Станцияны аралап, өндіріспен танысты. Сол күні теміржолшылар қаладағы «Бином» мектебінде де болып, кәсіп таңдау бағытында оқушылармен кездесу өткізді.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді