Аймақтың бағын ашқан алып құрылыс

Станция тынысы
26.11.2024, 09:22
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Хромтау-Алтынсарин» магистралі бойында пайда болған Әйтеке би станциясына биыл 20 жыл. «Ғасыр құрылысы» атанған ғаламат теміржол құрылысы алыстағы ауыл тіршілігіне жан бітіріп, үлкен өзгерістер алып келгені рас. Жуырда айтулы датаға орай станцияда салтанатты шара өтіп, бірқатар теміржолшылар сала басшылығы мен аудан әкімдігінің марапатына ие болды.    

Бүгінде Әйтеке би станциясында қайнаған өмір. Күрежолмен ерсілі-қарсылы зулаған құрамдар легі бір сәт те толастамай ағылып жатыр.  Станция арқылы республика ішіне ғана емес, шетелдерге де жүк жөнелтіледі, халықаралық байланыс бар. Шетелге астық, арнайы тәсілмен дайындалған саз балшық жібереді. Бұл жұмыстар үш кірме жол арқылы ұйымдастырылған. «Жайылхан» ЖШС Кавказ, Өзбекстан, Самарқанд, Килязи, Карши, Аблык, Баяуит, Сергели секілді станцияларға астық жөнелтеді. Ал «Текше Тас» ЖШС саз балшығын Талдықорған, Сайрам, Минск, Полевской, Железнодорожная,  Смышляевка, Жіңішке, Воронеж, Пустынка станцияларына тиеп жібереді.  

Биыл тоғыз ай ішінде станциядан 498 вагон астық тиеліп, Кавказ, Самарқанд және Қаршы станцияларына жөнелтілді. Сонымен қатар Минск, Полевской, Железнодорожная, Талдықорган, Сайрам , Смышляевка, Жіңішке, Воронеж, Пустынька  станцияларына 512 вагон саз тиелді. Станцияға осы уақытта 234 вагон жүк түсіріліп, көмір, ұлутас, цемент, силикат және металл құбырлар жеткізілген.  

Аудан негізінен егін, мал шаруашылығымен айналысады. Астық тиеу жұмыстары да қысы-жазы үзілмейді. Диқандар алған өнімін кептіріп, жылдың барлық мезгілінде тасымал қызметіне жүгінеді.  

– Темір жол тартылған аумақта ең алдымен қатынас реттелді, жұмыссыздық азайды, тұрмыс жақсарды. 20 жыл бұрын бұл ауылдың тұрмысы басқаша еді. Тәуелсіздік жылдардан кейін жұмыссыздықтан қиналған ауыл халқы қалаға үдере көшіп, өңірде қаңырап бос қалған елдімекендер көбейді. Хромтау – Алтынсарин теміржолының салынуы шын мәнінде бұл өңірді түлеткен, тіршілігіне жан бітіріп, серпін берген ұлы жоба еді. Әйтеке би станциясы 2004 жылдың 19 қарашасында іске қосылды. 30 қарашада салтанатты ашылуы болды. Жас станцияға жан жақтан жас мамандар шақырылып, бүгінде аға буын атанған олардың қалыптатсқан өз мектебі бар. Жиырма жыл бұрынғы мен бүгінгіні салыстыруға да келмейді. Хромтау мен Әйтеке би станциясының аралығында Сарысай, Аққұдық, Жоса, Құдықсай, Үйтас сынды станциялар бар, бәрі де ғасыр құрылысымен қатар пайда болған, – деді Әйтеке би станциясының бастығы Жандос Әбдіжәлелов.    

Бүгінде Әйтеке би станциясында он шақты теміржол мекемесі шоғырланған: вокзал, локомотив айналым депосы, техникалық бақылау пункті, белгі беру-байланыс, жол, электрмен жабдықтау дистанциялары, су-жылумен қамту, қалыпқа келтіру пойызы, өрт сөндіру пойызы, әскерилендірілген теміржол күзеті, т.т. құрылымдар  жұмыс істеп тұр. Станцияға 4 жолаушылар, 2 қаламаңы пойызы тоқтайды, жергілікті халықтың теміржол қатынасы сұранысына толық жауап береді.    

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады