Теңдік станциясы толық қуатта: тәулігіне жүздеген вагон өңделуде

Станция тынысы
02.02.2026, 09:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Аймақта жүк тасымалына айтарлықтай үлес қосып отырған Атырау мұнай өңдеу зауытының Промышленная станциясы Теңдік станциясымен қоян-қолтық жұмыс жасайды.  

Бөлек жоба бойынша салынған зауыт ішіндегі Промышленная станциясында 11 жол бар. Вагондар сонда сұрыпталады. Пойыз бұрынғыдай Ақжайық станциясына соқпай, Теңдіктен зауыттың сұрыптау станциясына тікелей келеді де, әрі қарай зауытқа жол тартады. Зауыт станциясы Теңдікке толық құрамды пойыз дайындап береді, ал соңғысы оларды жан-жаққа таратады.  

Қайта жаңғыртудан өткен Теңдік станциясына жүктің көбі Мақаттан келеді. Теңдік пен Мақат станциясының аралық телімі 118 шақырымды құрайды. Олардың аралығында Қарабатан, Ескене, Доссор станциялары мен разъездер бар. Мақат әр тарапқа жол тарайтын тораптық станция болғандықтан, одан жан-жақтан келген жүк және жолушы пойыздары тарайды. Теңдік станциясы бастығының орынбасары Ізбасар Өткелбаевтың айтуынша, станция толық қуатымен жұмыс жасап келеді. Бүгінде станцияда тәулігіне 200-ге жуық вагон тиеліп, 30-40 вагон жүк түсіріледі.  

– Бүгінде Теңдік станциясы толық қуатымен жұмыс істеуде.   Станцияның пойыздарды өткізу қабілеті бұрынғыдан бірнеше есеге артқан. Станция басында бұрынғы 2 жолға қосымша жаңа 2, 4, 6-шы 3 қабылдап-жөнелту және 1 құрастыру жолы салынған. Олардың жалпы ұзындығы 5690 метрді құрайды. Станцияда соңғы технология бойынша жабдықталған «МПЦ-И» орталықтандырылған басқару пульті орналасқан жаңа ғимарат бар. Ол станция бастығы, кезекші, оператор, вагон қараушылар, байланысшы, жолшылар, электр энергиясымен қамту, кеден, басқа да қызметкерлер үшін арнайы бөлмелермен жабдықталған. Жолшыларға арналған жылынатын бөлме де бар. Бүгінгі таңда магистральды қатынасты есептемегенде, Атырау мұнай өңдеу зауытына тәулігіне 20 шақты жұп пойыз қабылдап-жөнелтіледі, – дейді Ізбасар Өткелбаев.  

2025 жылы станцияда қозғалыс қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша тәртіп бұзушылық болмаған. 12 айдың қорытындысы бойынша барлығы 13552 вагон түсіріліп, кіріс 659 140 094 теңгені құраған. Станциядан тиеліп жөнелтілген жүк көлемі 84 922 вагон, 4 755 637 тонна болған. Вагонның бір жүк операциясына тұру көрсеткіші, вагондар жұмыс паркін ұстау, статиститикалық салмақ толық көлемде орындалған.    

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда