Мұнай өңдеу өндірісінің қарқын алуы «Қарабатан» станциясындағы жүк тасымалын еселеді

Станция тынысы
01.10.2021, 13:22
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау ЖТ бөлімшесі өнеркәсіптік базасы дамыған, аса күрделі магистральды бағытта орналасқан. Әрі бөлімше жұмыс көлемі ауқымды транзиттік аймақ қатарына жатады. Соған сәйкес, өңірдегі станциялардың өткізу қабілетін арттыру – өзекті мәселенің бірі. Бөлімшеге қарасты қырықтан астам өтпелі шағын станцияның бірі – үшінші класты Қарабатан станциясы. Бұл бұрын бес-ақ адам жұмыс жасаған шағын ғана разъезд болатын. Сол маңда «Болашақ» зауыты ашылатын болған соң, яғни «Қашаған» кен орнынан келген мұнай өңдеу зауытының салынуына байланысты 2005 жылы станция ғимараты жаңадан салынып, теміржолшылар игілігіне ұсынылды. Сол кезден бастап Қарабатанның бағы жанды деуге болады. «Болашақ» зауыты «Қашаған» теңіз кенішінде өндірілетін және құбыр жүйесімен қондырғыға жеткізілетін тауарлы мұнай мен газды әзірлеуге есептелген. Зауыт қуаты тәулігіне 450 мың баррель немесе жылына 22,5 миллион тоннаны құрайды. Мұнда мұнайды судан айыру және тұрақтандыру, меркаптаннан тазарту, тәжірибелік-өндірістік өңдеу кезінде сақтау және экспорттау жұмыстары жүргізіледі. Қуаты жылына 6,2 миллиард текше метр газ өңдеу жүйесі мұнайды күкірттен айыру, сығымдалған газды тауарлы деңгейге дейін даярлау жұмыстарына есептелген. Мұнда сонымен қатар тауарлы күкірт те өндіріледі. Зауыт құрылысы басталған сәттен бастап Қарабатан станциясының атқарар жүгі лезде артып кетті. Ең алдымен зауыт құрылысына қажетті материалдың бәрі пойыз арқылы тасымалданып, станцияға жеткізілген болатын. Одан әрі зауыт өнімдерін тасымалдау басталып кетті. Станцияда қазіргі уақытта 11 жол торабы бар және «Болашақтағы» 2 зауыттың әрқайсысына тармақ жолдар тартылған. Қашаған кен орны жұмысына байланысты Қарабатан станциясынан 60 жартылай вагондар мен 40 футтық контейнерлер экспортқа жіберіледі. «Болашақ» зауытында шығарылатын түйіршіктелген күкірт өнімінің көбеюіне байланысты, 2018 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап станция арқылы ай сайын Лужская бекетіне 60 жартылай ашық вагон құрайтын 28 маршрут тиеледі. Жүк жөнелтушілер «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС, «Исткомтранс» ЖШС, т.б. Бүгінде Қарабатан арқылы өтетін жүк пойыздары бұрынғыдан да көбейген. Соған орай станция әлеуеті де артқан.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті