Батыс өңірдегі пойыз қозғалысын басқару орталығы «Қасіретті қаңтар» сынында сыр бермеді

Трансформация
01.02.2022, 11:33
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания үшін Батыс Қазақстан теміржолының орны ерекше. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбе өңірінің ел экономикасы үшін маңызы жоғары. Қазақстан темір жолының бірегей жобасы «Пойыздар қозғалысын басқару» орталығының да Ақтөбеде ашылуының өзіндік себебі жоқ емес.

  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, бұл әсіресе кешегі «қаңтар оқиғасы» орын алған төтенше жағдай кезінде жоғары тиімділігін байқатқан. Сол күндері батыс өңірінде 5 жолаушылар пойызының қозғалысы шектеліп, Қандыағаш, Сексеуіл, Қазалы станцияларында тұрып қалғаны белгілі. Бес бірдей бөлімшенің – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда диспетчерлік орталықтарын біріктірген Пойыздар қозғалысын басқару орталығының мүмкіндігінің нәтижесінде осы аймақтардағы бүкіл қозғалысты бақылауда ұстау, дер кезінде қажетті шараларды қабылдау жүзеге асырылған. Яғни, өңірдегі бүкіл теміржол қозғалысы, жүк және жолаушы пойыздарының дерегі, қай станцияда аялдап тұр, оларды қай жолмен қайда жіберу, кері қайтару немесе сапарын жалғастыру мүмкіндігі орталық мамандарының сауатты шешім қабылдап басқаруы арқасында артық шығынсыз жүзеге асқан. Айта кетейік, аймақта төтенше жағдай кезінде «Пойыздар қозғалысын ұйымдастыру орталығында» пойыздардың тоқтаусыз қозғалысын ұйымдастыруға құрылған арнайы штаб жұмыс істеді.

– «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» – «ҚТЖ» ҰК-ның цифрлық трансформация санатындағы бірегей жобасы. Компаниямыздың технологиялық даму мүмкіндіктері арқасында қозғалысты мыңдаған шақырымдық қашықтан, бір орталықтан басқару идеясы бүгінде, сөз жоқ, өз жемісін беріп отыр. Ал жобаның экономикалық тиімділігі өз алдына бөлек әңгіме», – дейді Бөріхан Беркімбаев.

Өткен жылы аймақ көрсеткіші де жоғары нәтижелерге жеткен. Атап айтсақ, Батыс аймақтық филиалында жүк айналымы бойынша көрсеткіш 2021 жылы 105,4% деңгейге жеткен. Жоспар 21 291 млн тонна км болса, орындалғаны – 22 445,9 млн тонна км. Ал статикалық жүктеме 100,5% деңгейге жеткен. Бұл жерде жоспар 64,58 т/вагон болса, нақты орындалғаны– 64,90 т/вагон.

Бүгінде бөлімшеде 2022 жылға арналған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын басшылыққа алған жұмыстар жалғасып жатыр. «Үш негізгі мақсат – тәртіп, табыстылық және оң бедел қағидасын ұстана отырып, ағымдағы жылы тасымалдау қызметінің тиімділігі бойынша жобаларды жүзеге асыруды жолға қоямыз», – дейді сеніммен бөлімше бастығы Бөріхан Беркімбаев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды