Ақтөбедегі пойыз қозғалысын басқару орталығы алғашқы тоқсанды жоспарға сай қорытындылады

Трансформация
10.06.2022, 10:25
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе өңіріндегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығы 2022 жылдың бірінші тоқсанын табысты көрсеткішпен аяқтады. Локомотивтердің тәуліктік өнімділігі, жүк айналымы артып, контейнерлік пойыздар ағыны өсті.

Цифрлық трансформация шеңберінде құрылған орталық жұмысы бүгінде бір ізге қойылған. Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысының диспетчерлері бір жерден қозғалысты қашықтықтан басқарып отыр. Технологиялық даму мүмкіндіктерін мейлінше пайдаланып отырған «Пойыздар қозғалысын басқару» орталығының жұмысымен бөлімше басшысының орынбасары Мағауия Амантайұлы таныстырды. Орталық 2022 жылдың бірінші тоқсанында техникалық жоспарды артығымен орындады. Нәтижесінде, жүк айналымы 103,4%-ға, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 100,9%-ға, ал локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі 100,4% орындалды. 

«Оптикалық-талшықты байланыс желісі арқылы теміржол станцияларының құрылғыла- рын ұзақ қашықтықтан басқаруға мүмкіндік мол. Экономикалық тиімділік, бизнес-процестерді жетілдіру, компания қызметін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған «Цифрлық трансформация» бағдарламасының негізі де осы болатын», – дейді Мағауия Оразқұлов. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша вагондардың орташа тәуліктік өнімділігі 103% және статикалық жүктеме 101,8%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда жүк айналымы бойынша көрсеткіш артты. Станцияларда жылжымалы құрамдардың ұзақ уақыт тұрып қалу жағдайлары жойылып, вагондардың жүрісі бойынша өнімділік өскен. Орталық басшысының орынбасары берген мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы контейнерлік пойыздар ағыны да артып отыр. Еуропа-Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар саны ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда саны 5%-ға өскен. Контейнерлік пойыздардың орташа салмағы мен ұзындығы артып, жылдамдығы да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған. 2021 жылмен салыстырғанда жөнелтілген ауыр жүк пойыздарының саны артқан. 

«Пилоттық жобаны іске асыру шығындарды оңтайландыруға, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Батыс» аймағында пойыздар қозғалысын басқарудың облыстық орталығын құру кезеңінде тасы- малдау үдерісін оңтайландыру мақсатында локомотивтердің, локомотив бригадалары- ның қызмет ету иіндерін ұзарту бойынша пилоттық жобалардың 2 кезеңі енгізілді, бұл пойыздардың тұрып қалуын қысқартты. Учаскелік станцияларда 10 620,72 сағатқа 15 789 транзиттік пойыз, бұл тепловоздардың орташа тәуліктік жүрістерін 14 км-ге, жұмыс істейтін локомотивтер паркінің жұмыс өнімділігін арттырумен орындалған жұмыс көлеміне күнделікті үнемдеуді 1,04 бірлікке арттыруға әкелді. Дизель отыны 330 452 тоннаға үнемделді», – деген Мағауия Амантайұлы, тасымалдауды басқару технологиясының өзгеруі эксплуатациялық көрсеткіштерді жақсартуға, жылжымалы құрамды пайдалануға және локомотив бригадаларын пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал еткенін жеткізді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды