Үкіметте ҚТЖ-ны трансформациялаудың негізгі тәсілдері қаралды

Трансформация
10.10.2022, 19:59
Оқуға 1 мин

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ны ұлттық транзиттік-логистикалық компанияға трансформациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚТЖ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев компанияның логистика сегментінде, атап айтқанда, халықаралық транзиттік маршруттар мен өңірлік сауда хабтарын дамыту жөніндегі қызметін кеңейтетін трансформациялау жоспарын таныстырды.

ҚТЖ теміржол, авто және теңіз көлігін тарта отырып, мультимодальды тасымалдауды ұйымдастырумен, сондай-ақ терминалдар желісін дамыту нәтижесінде шетелде жүктерді жинақтау орындарында логистикалық қызмет көрсетумен айналысатын болады.

Бұл трансұлттық көлік дәліздерінің дамуына, жаңа логистикалық тізбектердің қалыптасуына серпін береді және отандық бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

Сондай-ақ компания өзінің негізгі қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Премьер-Министр ҚТЖ-ны трансформациялау тәсілдерін мақұлдап, қолданыстағы коммерциялық бағыттарға талдау жүргізуді және өңірлік сауда хабтарын дамыту мәселесін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды