ҚТЖ-да энергияны тиімді пайдаланатын поезд машинистерінің рейтінгі жасалмақ

Трансформация
23.06.2021, 09:37
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де тартым-энергетикалық ресурстарын тұтынуды басқару тәсілдері қайта қарастырылмақ. Бұл туралы жол бөлімшелері мен локомотив деполары өкілдерінің қатысуымен «Отын мен электр энергиясы үлестік шығынын оңтайландыру» атты жоба шеңберінде өткен «Цифрлық трансформация» бағдарламасының отырысында айтылды. Шығындарды оңтайландыру бойынша жоба пилоттық тәртіпте Павлодар, Екібастұз, локомотив пайдалану деполары мен Ерейментау айналым депосында жүзеге асырылатын болады. Заманауи ақпараттық технологиялар, есепке алу жүйесі және энерго ресурстарды тұтынуды нормалауды қоса алғанда пойыздар тартымы бойынша энергия тиімділікті арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспары жасалды. Екібастұз локомотив пайдалану депосының бастығы Әмір Тәкішевтің айтуынша, энергия тиімділікке локомотив отынын экипировкалаудың технологиялық үдерісін автоматтандыру, дизель отынын ұрлау фактілерінің жолын кесу арқылы қол жеткізуге болады.
«Ресурс жинақтау шараларының бірі – локомотив бригадаларын отын үнемдегені үшін ынталандыру. Пойыз тартымы бойынша электр энергиясы мен отынды үнемдеуге қол жеткізген пойыз машинистері ТОП-5 және ТОП-10 рейтингіне кіретін болады. «Рейтингке» кіретін машинистерді ынталандыру мақсатында оларға сыйақы төленеді», деді Ә.Тәкішев.
Машинистің шеберлігі әр сапар арасында қалыптасады. Осыны ескере отырып деподағы тәжірибелі машинистер жас әріптестеріне тәлімгерлік етеді, бұл локомотив жүргізу тиімділігін арттырып, жолда жүргенде отынның үлестік шығынына әсер етеді. Қазіргі таңда пойыз тартымына отын-энергетикалық ресурстар есебін жүргізу және оны бақылауды «Энерго диспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі жүргізеді (АСУ ЭДТ).  Адами факторсыз жұмыс істейтін жүйе өз бетінше локомотив жүргізген жұмыс параметрлері мен электр энергиясы және дизель отынының іс жүзіндегі шығынын салыстыра қарастыра алады. Отынды шығындау жалпы нормадан ауытқыған жағдайда ол белгі береді. Жүйедегі нақты уақыт режиміндегі барлық ақпарат локомотив депосына және орталық аппаратқа түсіп отырады, сол жерде шұғыл шешімдер қабылданады.  
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды