Үндістанда өткен аптада теміржол апаты болған ауданда жолдар жөнделіп, пойыздар қайта жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бірақ әзірге оларға шектеулі жылдамдықпен ғана жүруге рұқсат етілген. Өткен жұма күні Үндістанның Одиш штатында екі жолаушылар мен бір жүк пойызы соқтығысып, 200-ден аса адам көз жұмды.
Тағы 1 мыңдай жолаушы жарақат алды. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Апатқа белгі беру жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
– Мен апатқа қарамастан пойызбен жүруді жалғастыра беремін. Өйткені жұмыс істеп отбасымды асырауым керек. Өмірдің өзі тәуекелден тұрады. Егер қорқып үйде отырсам қалай күн көремін, – дейді Одиш штатының тұрғыны.