Қытай жоғары жылдамдықты электр пойызын таныстырды

Әлемде
31.07.2023, 11:07
Қазақстан теміржолшысы

2023 жылдың қыркүйегінде Ханчжоуда өтетін 19-шы Азия ойындарына деп жасалған Fuxing Asian Games жоғары жылдамдықты электр пойызы Чанчунь қаласындағы зауытта ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл пойыздар Азия ойындарына қатысушылар мен қонақтарды қабылдайтын бес қалада, яғни Нинбо, Вэньчжоу, Цзиньхуа, Шаосин және Хучжоу арасында қатынайтын болады.

Сыйымдылығы 578 жолаушыға арналған сегіз вагондық пойыз (төрт вагоны қозғалтқышпен жүреді) 350 км/сағ жылдамдықпен жүруге арналған. Пойыз қозғалысының жеңіл әрі жайлылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ интеллектуалдық жүйемен, соның ішінде жолаушылар салонындағы ыңғайлы температура мен ауа қысымын автоматты түрде реттеуімен ерекшеленеді, бұл пойыздың туннельден өткен кезде еш қолайсыздықты сездірмеуге жағдай жасайды.

Моторлы вагондарды жобалауда энергия үнемдейтін технологияларды және бионикалық элементтерді пайдалану, сондай-ақ жеңіл дизайн тартым үшін энергияны 10% үнемдейді немесе әрбір пойыз үшін жылына шамамен 1,8 ГВт/сағ шығады.

Саяхат кезінде үздіксіз 5G және Wi-Fi стандартты қосылымдары сапардың жайлы болуына ықпал етеді. Оған қоса вагон араларында ені 900 мм өткел бар. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға бейімделген дәретхана қарасытырлған және пойыз купелеріндегі барлық жазулар Брайль қарпімен жазылған.

Қытай пойыз өндірісінде қарыштап алға дамып келеді. Үнемі жаңа пойыздарды сынақтан өткізіп, құрамаларды жаңартып отырады. Бұған дейін жоғары жылдамдықты CR450 пойызын сынақтан сәтті өткізді.

Сынақ елдегі Фучжоу - Сямэнь - Чжанчжоу алғашқы транстеңіз жоғары жылдамдықты желісінде жүргізілді.

453 км/сағатты ең жоғары жылдамдық Мейчжоу шығанағындағы көпірде, яғни екі пойыз бір-біріне қарай қозғалған кезде тіркелді.

Қазіргі уақытта Қытайдың ең жылдам пойыздары сағатына 350 шақырым жол жүреді, олар Пекин-Шанхай, Пекин-Тяньцзинь, Пекин-Чжанцзякоу және Чэнду-Чунцин бағытындағы жоғары жылдамдықты магистральмен қатынайды.  

Қытай жақын аралықта тағыда бірнеше жоғары жылдамдықты магистраль салуды жоспарлап отыр.  

CR450 пойыздарының жаңа буынын дамыту ҚХР-ның 14-ші бесжылдық даму жоспарында қарастырылған (2021-2025).

Сынақ барысында көпірлерде, тоннельдерде және бұрмалы телімдерде әртүрлі жылдамдықпен жүретін 57 зерттеу жасалды.

Олар қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру, дірілдеу  сипаттамаларын жақсарту, жеделдету және тежеу көрсеткіштері бойынша жаңа ішкі жүйелердің тиімділігін растады.

Сынақ бағдарламасына әртүрлі мекеменің сарапшылары қатысты, соның ішінде Қытай Теміржол ғылымдары академиясының (CARS), CRRC корпорациясының және үш ұлттық университеттің өкілдері бар.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады