Канар аралдарында темір жол желісі салынады

Әлемде
13.03.2024, 12:39
Қазақстан теміржолшысы

Өткен аптада Испанияның көлік және тұрақты мобильділік министрі Хосе Антонио Кансано Канар аралдарының билігімен Тенерифе және Гран Канария сияқты екі аралында теміржол желісін салудың экономикалық тиімділігін талдайтын жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

Канар аралдарының өкілдері атап айтқандай Испанияның көлік индустриясын көміртексіздендіру мақсаттарын шешу барысында аралдарда тұрақты мобильділікті ілгерілететін Гран Канария және Тенерифе астаналарын тиісті әуежайлармен байланыстыратын рельстік жүйелер жобаларын талқылады. Атап айтқанда, Гран Канария аралында Лас-Пальмас-де-Гран Канарияның әкімшілік орталығынан әуежай арқылы Мелонерас курорттық аймағына дейін ұзындығы 57 км болатын 1688 мм калибрлі темір жол құрылысының жоспары әзірленді.

Жоба әлі 2009-2018 жылдар аралығында жергілікті және федералдық арналардан 22,4 млн еуро көлемінде қаржылық қолдау алған. Алайда тендерге және одан кейінгі құрылыс жұмыстарына қатысты бұдан әрі ілгерілеу болмаған. Себебі 2019 жылғы есеп бойынша желі құрылысына қажетті 1,65 миллиард еуро көлеміндегі қаражатты алуға байланысты қиындықтар болған.

Айта кетсек, Канар аралдары Атлант мұхитындағы аралдар тобына жатады. Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Африканың солтүстік-батыс жағалауынан 100 – 120 км жерде. Канар аралдарын мәңгі жасыл орман мен бұталар көмкерген. Эндемик өсімдіктер көп. Олардың қатарына дракон ағашы, Канар құрма пальмасы мен қарағайы жатады. Жергілікті тұрғындар банан, картоп, цитрустар, жүзім, темекі, астық және бұршақ тұқымдастарын өсіреді, сиыр, ешкі, қой ұстайды. Аралда ұлттық саябақтар орналасқан. Аралдарда теңіздік климаттық курорт дамыған. Ірі қалалары: Лас-Пальмас және Санта-Крус-де-Тенерифе. Олар Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар.  

Әдемі табиғат, жылы климат және жағажайлар аралдарға көптеген туристерді тартады. Жыл сайын аралға шамамен 12 миллион адам келеді екен.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті