Қырғызстан билігі Ыстықкөлдің солтүстік-батыс жағалауынан оңтүстік-шығысқа дейін созылатын Балықшы – Қаракөл темір жолын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл туралы президент Садыр Жапаров Балықшыға сапары барысында айтты.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде Тамшы ауылында орналасқан Балықшыдан Ыстықкөл әуежайына дейін теміржол желісін салу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы жобаны жүзеге асырудың болжамды мерзімі, көлемі мен қаржыландыру көздері жайлы ештеңе айтпады.