Euro-2024. Жанкүйерлер үшін Германия ішінде пойызбен қатынау тиімді болмақ

Әлемде
12.06.2024, 16:42
Қазақстан теміржолшысы

Санаулы күннен кейін осы жылдың дүбірлі додасы футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Euro-2024 ойындары бұл жолы Германия төрінде өтеді. Миллиондаған жанкүйер чемпионатқа көз тігетіні белгілі. Ал, мүмкіндігі бар жұртшылық алаңға барып футбол ойынын тамашалайды. Яғни, Германияға алыс-жақын елден көптеген жанкүйер ағылады деген сөз. Бір мезетте елге келген қонақтарды Германия теміржолы қабылдап алып, қызмет көрсетпек.

Егер 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жанкүйер ретінде баратын болсаңыз, қалалар арасында қатынауға пойызды таңдағаныңыз абзал.  Өйткені, Германиядағы әртүрлі орындарға баруда немесе елмен танысуда пойызбен саяхаттау тиімді болмақ. Германиядағы теміржол желісі көптеген қалалар мен аймақтарға оңай жетуге мүмкіндік береді және жақсы дамыған. Немістердің заманауи пойыздарында жүк қоятын орын мен кең отыру кеңістігі қарастырылған. Оған қоса Wi-Fi және борттық тамақтандыру қызметтерімен жайлылықтың жоғары деңгейі ұсынылады. Сондай-ақ пойызбен саяхаттау өзге көлік түрлерімен салыстырғанда экологиялық жағынан таза болып саналады. Бұл, әсіресе, көптеген жанкүйерлер Еуропа чемпионаты сияқты ірі спорттық іс-шараға бара жатқанда өзекті бола түспек.

Германиядағы жергілікті және қалааралық тасымал

Жергілікті көлік аймақ немесе мегаполис ішіндегі қысқа және орташа қашықтыққа бағытталған. Жергілікті пойыздар бірнеше аралық аялдама жасап, шағын қалаларды, қала маңындағы елді мекендерді және ауылдық елді мекендерді байланыстырады. Олар ұзақ қашықтыққа қатынайтын пойыздарға қарағанда баяу жүреді және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін көбірек аялдамалар жасайды.

Германиядағы пойыз билеттері

Ол жақта сіз пойыз билеттерін онлайн, ұялы телефоныңыз арқылы,  қала ішіндегі кассадан немесе вокзалдағы кассадан сатып ала аласыз. Сандық билеттерді ұялы телефонда немесе қолданбада оңай сақтауға болады. www.bahnhof.de сайтында өзіңізге ең жақын станцияны таңдап, DB туристік орталықтарының орнын таба аласыз. Deutsche Bahn әртүрлі билеттер түрін ұсынады. Кейбір ұсыныстар, мысалы, неміс теміржол билеті тек Германиядан тыс жерде тұратын адамдар үшін жарамды. Жастарға немесе егде жастағы адамдарға, топтарға немесе әртүрлі аймақтарға арналған арнайы ұсыныстар да бар.

Еуро 2024 нысандарына пойызбен бару

Еуро-2024 футбол матчтары келесі қалаларда өтеді:

  • Берлин (B)
  • Мюнхен (М)
  • Дортмунд (DO)
  • Штутгарт (S)
  • Гамбург (HH)
  • Дюссельдорф (D)
  • Франкфурт (F)
  • Кельн (К)
  • Гельзенкирхен (GE)
  • Лейпциг (L)

Жанкүйерлерге кеңес

Егер Берлиннен Лейпцигке, Гамбург немесе Дортмундқа барғыңыз келсе пойызбен сапарлау тиімді болмақ. Бұл үш қалаға пойызбен 4 сағаттан аз уақыт ішінде жетуге болады. Берлиннен Штутгартқа дейін пойыз жолы ең ұзақ болмақ. Мұнда 5-тен 6 сағатқа дейін жол жүресіз.

Егер сіз сапарыңызды Мюнхеннен бастасаңыз, онда Штутгарт, Лейпциг немесе Франкфуртқа пойызбен бара аласыз. Рурск облысының қалалары - Гельзенкирхен және Дортмунд - Мюнхеннен пойызбен жүретін ең ұзын қалалар. Дортмундтан көршілес Гельзенкирхен, Дюссельдорф және Кельн қалалары арасында да тамаша байланыстар бар.

Сіз сондай-ақ Франкфурт пен Гамбургке пойызбен өте жылдам жете аласыз. Дегенмен, Мюнхенге дейін пойызбен жүру шамамен 6 сағатты алады.

Айта кетсек, Еуро-2024 чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.  Бұл УЕФА демеушілігімен өткізілетін 17-ші турнир болмақ.

Турнирді өткізуге Германия 2018 жылдың 27 қыркүйегінде таңдалды. Елде ірі халықаралық футбол турнирлерін өткізу тәжірибесі бар. Германияның 10 қаласында өтетін турнирге 24 команда қатысады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады