Иран мен Өзбекстан Иранның Шахид-Раджаи портында өзбек терминалы мен логистикалық орталығын салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұған дейін, мамыр айында, тараптар 2025–2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың жол картасын бекіткен болатын.
2025 жылдың мамырында Иран мен Тәжікстан теміржол жүк тасымалдарын, соның ішінде ирандық вагондардың Тәжікстан арқылы транзитін арттыру жөнінде уағдаласты.
2025 жылдың сәуірінде Иран мен Қазақстан Шахид-Раджаи портының транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Құжат аясында портта қазақстандық терминал мен логистикалық орталық салу көзделген.