Talgo Сауд Арабиясы үшін тағы 20 жүрдек пойыз жасайды

Әлемде
11.02.2026, 10:31
Оқуға 2 мин
Сурет: Wikipedia

Talgo компаниясы Сауд Арабиясының SAR мемлекеттік теміржол компаниясы үшін 20 жүрдек электр пойызын жеткізуге 1,3 млрд еуро көлемінде келісімшарт жасасты. Осы келісімді есепке алғанда, Talgo-ның жалпы тапсырыс қоржыны шамамен 6 млрд еуроны құрамақ, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Келісімшартта жаңа пойыздарды да, бұрын жеткізілгендерді де 2033 жылға дейін техникалық қызметпен қамтамасыз ету қарастырылған, сондай-ақ бұл қызметтерді 2038 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

Мекке, Жидда және Медина қалаларын байланыстыратын Haramain жоғары жылдамдықты теміржол желісінің 2018 жылғы ашылуына орай, компания SAR үшін шөлді аймақтың күрделі жағдайларында жұмыс істеуге арналған 35 пойыз салған болатын. Қазіргі уақытта олар күн сайын 100-ден астам рейс, ал қажылық кезеңінде 140-тан астам рейс жасайды. 2025 жылы қажылық кезінде бұл пойыздармен 2 миллионға жуық жолаушы тасымалданды.

Сағатына 300 шақырым жылдамдыққа ие жаңа пойыздар бұрынғы жеткізілген пойыздармен бірдей сипаттамаға ие болады. Олардың әрқайсысы екі моторлы және 13 тіркемелі жолаушылар вагонынан тұрады. Пойызда барлығы 417 отыратын орын бар. Вагондарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалып, буфет қарастырылған.

Ұзындығы 450 шақырымнан асатын Haramain желісі Испанияның жоғары жылдамдықты теміржол желісі стандарттары бойынша салынған және пайдаланылуда. Ол пойыздар қозғалысын басқарудың еуропалық ETCS (2-деңгейлі) жүйесімен жабдықталған. Talgo Сауд Арабиясында пойыздарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша екі кәсіпорынды басқарады, онда 270-тен астам адам еңбек етеді.

Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті